«Қайраттың» қырғыз жартылай қорғаушысы Гулжигит Алыкулов OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 1-туры аясындағы «Атырауға» (2:2) қарсы ойын туралы пікір білдірді.
– Жалпы ойын өте жақсы өтті. Бірінші таймда біз қарсыласты қыспаққа алдық. Шабуыл жасап, көп мүмкіндікке ие болдық. Мен Артурға пас беріп едім, ол қарсыластарды өте жақсы алдап өтіп, қақпаға дәл соқты. Кейін өзім де гол соқтым. Негізгі құрамға шығып, гол соққанымды асыға күттім. Өз командама көмектесіп, бірге үлкен жетістіктерге жету үшін аянбай еңбек етемін! Әрине нәтижеге көңіліміз толмайды. Біз тең есепке емес, жеңіске лайық едік. Алда «Ақсумен» сырт алаңда ойын күтіп тұр.
– Стадиондағы атмосфера қалай?
– Стадиондағы атмосфера керемет болды. Жанкүйерлердің жандандырғаны бізге қатты сезілді. Жанкүйерлер соңғы ойындағыдай бізді қолдап, келе бергенін қалаймын. Біз сіздерді әрқашан қуантқымыз келеді! Біз сіздерді сүйеміз!