«Астана» бас бапкерінің қызметін уақытша атқарушы Григорий Бабаян өткен матчтың нәтижесі жайында айтты.
- Әрине, біз нәтижеге өте ризамыз, себебі бұл «Қайрат» - астаналық дерби. Бұл командалар ойнаған кезде, бұл матчтар ерекше мәртебеге ие. Бірақ ойынның мазмұны, ұйымдастыруы, тәртібі қажетті деңгейде болмады.
Біз чемпиондықты бес күн бойы атап өттік. Мен жігіттерге бес күн бойы қалыпты жаттығу жасамай, алаңға шығу мүмкін емес екенін ескерттім. Бірақ бүгінгі матчта ойынды ұйымдастыру толығымен көңілімнен шықпады. Барлық ойыншыларға айтар шағымым бар. «Яблонец» командасына қарсы ойын алдында біз бәріміз оянуымыз керек, әйтпесе, үлкен проблемалар туындауы мүмкін.