«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Грандтарда қонақта болдық
Клуб жаңалықтары

Грандтарда қонақта болдық

07 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» ФК кадрлар бөлімінің басшысы Саида Ескендірова Еуропалық клубтар қауымдастығы (ЕСА) ұйымдастырған бөлім жетекшілері және жұмысшыларды басқару бойынша қызметкерлеріне арналған семинарға қатысты.

Форумның күн тәртібінде кәсіпқой футбол клубтарында HR-технологиялар саласындағы инновациялық идеялар мен өзекті үрдістер болды.

Семинар Миландағы аңызға айналған «Джузеппе Меацца» стадионында өтті, тиффози әлемінде бұл арена San Siro деген атаумен де танымал.

Тәжірибе алмасуға арналған семинарға әлемдік футболдың грандтары да қатысты. Қонақжай қожайын ретінде италиялық жоғары деңгейлі клубтар «Интернационале» мен «Милан» ат салысты.

Қатысушылар пікір алмасу барысында футбол клубтарындағы әкімшілік қызметкерді дамыту жүйесіндегі соңғы жаңалықтар, жұмысшылардың біліктіліктерін арттыру бойынша өзекті қағидалар және кәсіпқой білім базасын қалыптастыру жөнінде сөйлесті.

- Жұмысты ұйымдастырудың заманауи үлгілері жоғары технологиялық болып келеді, оның даму динамикасы өзгеріп, мамандардың шеберлігін арттыруға тырысады, - дейді ЕСА басқарушы директоры Чарли Маршалл. – Қызметкердің бар әлеуетін жүзеге асыру табыстың ең басты долы саналады. Жемісті атмосферада өткен бұл семинар футбол клубтарындағы қызметкерлердің таланттары мен дағдыларын дұрыс пайдалану жолында ерекше трамплин бола білді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»