Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков «Шахтерге» қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтып, алдағы «Сигмамен» ойын туралы пікірін білдірді.
- Георгий, матч туралы – Алкмарға сапар көп күшті алып кеткені көрінді, бірақ «Шахтер» бізден мықты болды деуге келмес. Сол сапардан соң қиын болған жоқ па?
- Әрине, ойыншылар осындай тығыз кестеден соң шаршаңқырап қалды, екі аптаның ішінде сапар да көп болып кетті. Мықты қарсыласпен ойнадық, алаңда көп энергия жібергенбіз, бұл «Шахтерге» қарсы кездесуде әсерін тигізді.
- Алда тағы бір ұзақ сапар күтіп тұр – кезекте Чехия. «Сигма» туралы не айта аласың?
- Шынымды айтсам, қарсылас командамен таныс емеспін, бірақ Чехияға жеткен соң команданы зерттейміз. Олардың мықты және осал тұстарын біліп, бұл ойынға тыңғылықты дайындаламыз.