«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Георгий Жуков: «Әсерлі матч болды»
Қайрат

Георгий Жуков: «Әсерлі матч болды»

05 ноября 2018
/ 00:00

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Астанадағы матчтың нәтижесі жайында пікірін білдіріп, ел Кубогының финалына дайындық туралы айтты.

- Менің ойымша, бізде жақсы ойын өткіздік, алғашқы минуттарды жақсы бастадық және бірінші болып гол соқтық. Бірақ, өкінішке қарай, басымдықты сақтай алмадық. Маусым бойына біз осы мәселеден құтыла алмай келеміз, бізге ойынды «құрғақ» аяқтау қиын. Бірақ матчқа жігеріміз жақсы болды, динамика дұрыс деңгейде және бұл керемет ойын болды.

- Біз тағы да қазақстандық жас құраммен ойнадық. Футболшылар бір-біріне үйреніп, өзара жақсырақ түсініседі деп айта беруге бола ма?

- Дәл жауап бере алмаймын. Бұл ойында біз мінез бен рухымыздың арқасында ойнадық. Қорқыныштың болмауы мен бастамашылықтың арқасында біз футбол ойнауға тырыстық, кей сәттерде біз оны өте жақсы орындадық.

- Алда Қазақстан кубогының финалы. Бұл матч туралы не айта аласың?

- Менің айтарым, алаң жақсы жағдайда болады деп үміттенеміз – алдағы финалда одан артық тілегіміз жоқ. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»