«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков жеңіспен аяқталған матчтан және көптен күткен голдан алған өз эмоцияларымен бөлісті.
- Георгий, жеңіспен құттықтаймын! Бүгінгі матчқа қандай баға бересің?
- Рахмет! Бұл маңызды жеңіс! Барлық команда бүгін барын салды. Біз гол соғатынымызды сездік. Қарсылас та көп күш жұмсады, өйткені барлық матчты қорғауда ойнау оңай емес. Ойынның соңында олар физикалық жақтан шаршады, біз болсақ одан да өткір шабуыл жасадық. Нәтижесінде голдар соғылды. Біз жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз!
- Көптен күткен голмен құттықт аймын! Голдың қалай соғылғанын толық сипаттап берші.
- Рахмет! Көп сәттер болғанымен, мен ұзақ уақыт бойы гол соққан жоқпын. Бүгін маусымда алғаш рет ерекшелендім. Мен Ғафурдың (Сүйімбаев) доп алғанын көріпғ, айып алаңына жүгіру керек екенін сездім. Ол мені көріп, керемет пас берді. Мен пасқа дейін гол соғатынымды сездім. Бүгін матчқа әкем келді. Сондықтан да мен жоғары мотивациямен ойнадым.
- «Тобылдың» құрамында кімді ерекше атап өтер едің?
Фернандер Касай мықты қорғаушы. Көп жағдайда Фернандер Касайдың арқасында «Тобылдың» қорғауы ұсталып тұр. Әрине, голкипер Эмиль Балаев. Ол өз командасын бірнеше рет құтқарып қалды. Матч соңында мен Мартонға (Эппельге ) пас берген кезде, ол эпизодты оқып, қауіпті жойды. Егер де ол болмағанда, екінші гол бұрын болар еді.