Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Польшаның жоғары лигасында өнер көрсететін «Висламен» келісімшартқа қол қояды.
Жуков 2017 жылы «Қайрат» клубына ауысты. Сол маусымда Георгий алматылықтармен бірге Кубок пен ел Суперкубогының иегері атанды. 2018 жылғы маусымда Жуков командаға Қазақстан Кубогын жеңіп алуға көмектесті. Георгий өткен маусымда «сары-қаралардың» сапында 30 матч өткізіп, екі гол соғып және де екі голдық пас берді.
Біз талантты жартылай қорғаушыға Польша чемпионатында табысты өнер көрсетуін тілейміз, сондай-ақ «Қайраттың» құрамында өткізген үш табысты маусым үшін алғыс білдіреміз! Табыс тілейміз, Георгий! Барлығы үшін рахмет!