«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Георгий Жуков: «Керемет пас алдым, айып алаңына кіріп, аяқтың ұшымен соққы жасауға шешім қабылдадым»
Қайрат

Георгий Жуков: «Керемет пас алдым, айып алаңына кіріп, аяқтың ұшымен соққы жасауға шешім қабылдадым»

11 ноября 2019
/ 12:00

«Атырауға» қарсы болған матчта бірінші болып гол соққан «сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков чемпионаттың соңғы ойыны мен өзінің голы туралы айтып берді.

- Георгий, жеңіспен құттықтаймын! Соңғы матчты қалай бағалайсың?

- Үлкен рахмет! Біздің жеңіске жеткенімізге қуаныштымын! Маусымды позитивті нотада аяқтау маңызды болды. Мүмкін біз ең жақсы ойын көрсетпедік, бірақ барлығы тырысып бақты.

- Гол туралы айтшы. Мұндай соққы жасау ойыңа қалай келді?

- Мен керемет пас алдым, айып алаңына кіріп, аяқтың ұшымен соққы жасауға шешім қабылдадым. Қонақтардың қақпашысы бұл эпизодта сәл кешігіп қалды. Ол мұндай соққы күтпеді. Сондықтан доп қақпада болды.

- Чемпионаттың қорытынды бөлімінде сен керемет қалыпқа келдің! Маусымның аяқталғаны өкінішті ме?

- Біз көп ойын өткіздік. Өкінбеймін. Енді мазмұнды маусымнан демалып, келесі маусымға дайындалу керек.

- Жақында құраманың матчтары. Ойынға деген жеке жоспарларың қандай? Гол соғу, нәтижелі пас беру?

- Бір міндет-жеңіске жету. Әр матчта жеңіске жетуге тырысу керек. Гол немесе нәтижелі пас беру, бұл жағымды бонус болар еді. Ең бастысы-жақсы нәтижеге қол жеткізу.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»