«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Георгий Жуков: «Футболшы үшін ең маңыздысы – физика мен футбол зейіні»
Біз туралы БАҚ

Георгий Жуков: «Футболшы үшін ең маңыздысы – физика мен футбол зейіні»

10 января 2019
/ 00:00

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков – өз мансабы жайлы және футболшының қасиеттері туралы.

- Георгий, футболға неше жасыңызда қызықтыңыз?

- Сегіз жасымда.

- Қашан және қайда жаттыға бастадыңыз?

- 2002 жылы «Тернес» командасында жаттыға бастадым.

- Футбол мектебінен бөлек қандай да бір қосымша секцияларға қатыстыңыз ба? Техника, допты сезіну бойынша бөлек жұмыс істеген жоқсыз ба?

- Жоқ, басқа қосымша мектептерде жаттықпадым. Бірақ аулаға шығып, өз шеберлігімді ұштап жүрдім.

- Бельгияда бапкерлер допқа иелік ету техникасын ұштауға ерекше көңіл бөле ме?

- Жасыңызға байланысты. Мысалы, бала кезіңде көңіл техникаға бөлінеді. Ал сәл өсе бастаған кезде футболшыларға тактиканы үйретеді.

- Бала кезіңізде допты сезінуді жақсарту бойынша жасаған жаттығуларыңызды қазір де қолданасыз ба?

- Иә, допты қабылдауға, пас мәдениетіне көп көңіл бөлемін.

- Допты жақсы сезіну машығы қаншалықты маңызды? Әлде осы машықтың жақсы деңгейде болмауын басқа компоненттер баса ала ма (жылдамдық, футболдағы ойлау шеберлігі)?

- Меніңше, ең маңыздысы – бұл физика мен футбол зердесі. Бірақ техникасы бар футболшы креативті болып келеді.

- Балалар мен жасөспірімдер футболына келер болсақ. Менің білуімше, ініңіз Александр сіздің ізіңізбен жүріп, ол да футболмен айналыса бастаған...

- Иә, інім де футболмен айналысады. Оның жасы – 9-да, бірақ қазір өзінен екі-үш жас үлкендермен ойнайды. Інімді «Генк» скауттары бақылап жүр.

- Жылдар бойы жасаған жаттығуларыңызден кейін футбол фристайлының әдістерін жасай аласыз ба?

- Бельгияда фристайл өте танымал. Бұрын Роналдиньо мен Робиньоға ұқсағым келіп, олардың трюктерін қайталайтынмын.

-  Сіздің ойыңызша, футбол тарихында техникасы ең мықты футболшы кім және неліктен?

- Сөзсіз, бұл Роналдиньо. Ол барлық аспект бойынша үздік болды. Онда басқалар жа жоқ нағыз талант бар.

- Қазіргі жас буынға кәдімгі футбол жаттығуларымен бір уақытта допты сезінуді арттыру бойынша қосымша дайындалған қаншалықты маңызды?

- Олсыз болмайды. Табысқа жеткің келсе, басқаларға қарағанда көбірек және ыждаһатты жаттығу істеу керек.

- Негізгі тақырыптан сәл ауытқысақ. Сіз Бельгияның 19 жасқа дейінгі құрамасында ойнадыңыз. Сол құрамдағы футболшылардан кейін «қызыл сойқандардың» негізгі құрамасына шыққандардан кімді атап өте аласыз?

- Дивок Ориги мен Бирже Верстретті (Ориги қазіргі уақытта «Ливерпульде» ойнайды, ал Верстрет «Гентте» өнер көрсетеді – ред.) атап өте аламын.

- Жас кезіңізде болашақ жұлдыздардан кіммен бір алаңда ойнадыңыз?

- Мемфис Депаймен, Аднан Янузаймен, ағайынды Лукакулармен, Джейсон Денайермен, Торган Азармен, Миши Батшуайимен…

Дереккөз: Қазақстан фристайл федерациясы

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»