«Сары-қаралардың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков «Таразға» қарсы матчтың бірінші таймындағы қиындықтар туралы және де неге үзілістен кейін пас беруге көбіне Адеринсола Эсеоланы іздегенін айтты.
- Георгий, жеңіспен! Жеңіске қандай баға бересің?
- Рахмет! Ең бастысы біз жеңіске жеттік. Екінші таймда біз жинақы ойнадық. Қажет бағдармен жұмыс жасадық. Үзіліске дейін біз бәсең ойнадық. Киінетін бөлмедегі әңгімеден кейін ояндық. Бәсең ойынның ешқандай нәтиже әкелмейтінін түсіндік. Ешкім бүгін ұпай жоғалтқысы келмеді. Матчтың басы қиын болды. Неге екенін түсіндіру қиын. Біз үзілулерге жол бердік. Бұл сәттерді талдаймыз. Жинақылықтың жоқтығынан көп жүгіруге тура келді.
- Сен қақпаға аз соққы бағыттап жүрсің...
- Мен гол соғатын орындарға аз шығып жүрмін. Бірақ мен сақтанамын. Өзім соққанша, біреуге бергенді жөн көремін. Маған жақсы өршітетін пас берген маңыздырақ.
- Екінші таймның басында, пас беретін кезде сен жиі Эсеоланы іздедің. Осындай бағдар болды ма?
- Әрдайым біздің мықты жақтарымызды пайдалану қажет. Дерин біздің чемпионаттың ең жылдам шабуылшысы. Сондықтан да оған ойнауға тырыстым. Допты қорғаушының артына лақтыру. Ол кез-келген қорғаушыдан қашып кете алады. Эсеоланың «Таразға» гол соққанына өте қуаныштымын.
- Сен екінші голдық шабуылда Адеринсолаға берілген маңызды пастың авторы болдың.
- Ия, мен оның сол жақ қапталмен жылдамдығын арттырып жүгіріп келе жатқанын көрдім, допты бердім. Содан кейін Дерин Батоға (Исламханға) көтерді. Осындай қайрайтын сәт жасағаныма қуаныштымын.Барлығы автоматты түрде болды. Ең бастысы бұл бізге жеңіс әкелді.
- Біз бес рет қатарынан жеңіске жетіп, турнирлік кестенің көшін бастадық. Бұл чемпиондыққа үміт пе?
- Он матч қалды. Менің ойымша біз сегіз немесе тоғыз ойынды жеңсек, сонымен қатар бірде-бір ойынды жеңілмей, онда чемпион боламыз. Әрине, біз он ойынның барлығын жеңуге тырысамыз. Бірақ футболда әр түрлі жағдай болады.Жеңіс ешкімге оңай берілмейді. Біз соңына дейін күресеміз және де өз күшімізге сенеміз!