«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Георгий Жуков: «Бізге тек жеңіс қана қажет болды»
Қайрат

Георгий Жуков: «Бізге тек жеңіс қана қажет болды»

01 июня 2018
/ 00:00

«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков «Ақтөбеге» қарсы матч туралы әсерімен бөлісті, «сары-қаралар» кездесудің соңғы минуттарында қонақтардан жеңісті жұлып әкетті.

- Өте қызық ойын болды, екі команда да жақсы футбол көрсетті. Бірінші таймда «Ақтөбе» жақсы ойнады, ал екінші таймда біздің команда шабуылды шабуылға ұластыра берді және алдыңғы шепте жақсырақ ойнай алдық. Алда қозғлыстар көп болды, екі ортада ойыншыларды жақсы тауып, ойынды жоғары қарқында өткіздік.

Ойынның екінші жартысында біз алға ұмтылдық, шабуылдық. Бізге тек жеңіс қана қажет болды. Сондықтан, тек алға ғана ұмтылдық. Қзара жақсы доп алмасып, жеңісті жұлып әкеттік. Стадионда атмосефера тамаша болды, жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс айтамыз! Олар бізге өз энергиясын сыйлады. 

Алда құрамалар матчының үзілістері. Соған қарамастан жолдастық ойын өтеді – өте маңызды матч күтіп тұр, себебі жақын арада Ұлттар лигасы басталады және қазір бірге жаттығу жасап, жақсы матч өткізуге мүмкіндік туып тұр. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»