Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Әзірбайжан командасына қарсы жеңіс матчы туралы пікірін айтты.
- Бүгін біз өте жақсы ойнадық. Матчтың басынан-ақ жоғары қысым жасадық және бәрі қолымыздан келді. Алға батыл ұмтылдық және алдыңғы шепте әр допқа таластық. Жылдам екі гол соқтық. Сондықтан, бүгін ойнау өте оңай болды, - дейді Жуков.
- Стоилов құрамаға қандай жаңалық енгізді?
- Ұйымдастыру мен тәртіпке ерекше көңіл бөлді. Өзі де әрқашан осылай айтып жүреді. Біз тапсырманы дұрыс орындадық деп ойлаймын. Осылай ойнай берсек, бәрі оңай болады. Маңыздысы, Ұлттар лигасына дейін әлі дамуымыз керек. Осындай жұмыс атқарғанымыз жақсы болды. Қазір бәрі де сенімділікпен клубтағы жұмысын жалғастырады, бұл бәрі үшін де жақсы.
Дереккөз: vesti.kz
Фото: kff.kz