Шымкенттік «Ордабасының» бас бапкері Қазақстан кубогы ширек финалының нәтижесі жайында. Оның командасы алматылық «Қайраттан» ұтылып қалған болатын.
- Футбол – кім көп гол соқса, сол жеңіске жететін ойын. Қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл жасағанымызды көрдіңіздер. Алайда бір ғана стандарт және «Қайрат» өз голын соғып кетті. Екінші таймда есепті теңестірдік, бірақ 2-3 гол соғатын мүмкіндікті пайдалана алмадық. Пенальтиде де екі соққы жіберіп алдық. Жігіттерге жеңіске жетсек, Еуропа лигасына мүмкіндік туады деп айтқанмын. Бірақ қолдан келмеді.
Фото: «Ордабасы» ФК