Алматыда өткен «Қайрат» пен «Ақжайық» матчының үзілісінде «Sulpak» компаниясымен бірге iPhoneХ смартфоны ойнатылды.
«Randomizer» механизмінің көмегімен жасалған ұтыста ақтаулық «Каспийдің» жас футболшысы Мартин жаңа телефон иегері атанды. Жеңімпаздың айтуынша, ол өз командасымен бірге Алматыға Академиялар мен дайныдық топтары арасындағы біріншілікке келген.
«Қайрат» футбол клубы Мартинді алматылық клубтың матчына сәтті келуімен құттықтайды!