«Қайраттың» тәрбиеленушісі өз командасына турнирдің плэй-офф кезеңіне шығуға көмектесті.
Бүгін Ресей астанасында өтіп жатқан «Футбол достық үшін» халықаралық турнирінің топтық кезеңіндегі матчтар ойналды. «Қайрат» Академиясының тәрбиеленушісі Алан Адахаев өзінің «Коала» командасымен бірге ғаламдық жобаның плэй-офф кезеңіне шықты. Енді олар ширек финалда бақ сынайды.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша команда бірінші орынға табан тіреді. Алғашқы ойында «Коала» «Жалпақ денелі акуламен» тең түсті – 0:0. Артынша екі жеңіске қол жеткізді: «Зебра» командасын 4:2 және «Шығыс горилласы» ұжымын 2:1 есебімен ұтты.
Естеріңізге салсақ, Қазақстаннан бөлек біздің командада Венесуэла, Ирак, Иран, Тунис, Сальвадор және Вануату елдерінің өкілдері ойнайды.