«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Футбол достық үшін: Әлемді біріктіру жолында
Академия жаңалықтары

Футбол достық үшін: Әлемді біріктіру жолында

10 июня 2018
/ 00:00

Мәскеуде «Футбол достық үшін» халықаралық жобасы ресми түрде басталды.

Бүгін «Спартак» футбол клубының Академиясында «Футбол достық үшін» ғаламдық жобасының ашылу салтанаты өтті. Халықаралық турнирге әлемнің 211 елінен 1500-ден көп баласы қатысып жатыр.

Қазақстан намысын бұл жобада алматылық «Қайраттың» тәрбиеленушісі Алан Адахаев пен еліміздің жас журналисі Екатерина Краснощекова қорғайды. Турнирдің негізгі бөлімі мәскеулік «Спартак» Академиясының алаңдарында өтті, мұнда әр қатысушы өз елінің намысын қорғады. Біздің елімізден бөлек «Коала» атты командада Венесуэла, Иран, Ирак, Тунис, Сальвадор және Вануатудан келген футболшылар мен журналистер болды.

Шараның салтанатты кезеңінен соң жеті түрлі елден жиналған балалар жақынырақ танысып, «Футбол достық үшін» жобасының еріктілерімен бірге түрлі интерактивті ойындар өткізді. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»