16 ақпанда Aport Mall East сауда орталығында клубтың кәсіби командаларының жарқын презентациясы өтті. Оған жүздеген жанкүйер келді.
Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаев чемпиондық титулды қорғау, еурокубоктардың негізгі кезеңіне шығу, Қазақстан Кубогы мен Лига Кубогы үшін күресу деген сияқты басты мақсаттарды атап өтті. Ол сондай-ақ Академияның жетістіктерін, соның ішінде Дастан Сатпаевтың «Челсиге» ауысқанын ерекше атап өтті.
Презентация барысында клубтың жаңа демеушісі – кең ауқымды фильм, сериал мен спорт трансляцияларын ұсынатын ірі Кинопоиск видеосервисі екені жарияланды.
Жанкүйерлерге клубтың маусымдағы мақсаттары туралы видеоролик көрсетіліп, кейін Академия түлектерінен құралған кәсіби әйелдер командасы таныстырылды. Сосын негізгі құрам ойыншылары, бапкерлер штабы мен клуб қызметкерлері сахнаға шықты.
Шараның соңында жанкүйерлер үшін қолтаңба сессиясы ұйымдастырылды. Олар ойыншылармен суретке түсіп, қолтаңба алды. Сонымен қатар Қайрат Боранбаев, Рафаэль Уразбахтин, Мария Ялова мен Әділет Садыбеков қатысқан баспасөз маслихатты өтті.