Нұр-Сұлтан қаласындағы Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы Комитетінің отырысы өтті. Онда көру қабілеті зақымдалған футболшылар үшін маңызды мәселе шешілді.
Атқарушы комитет отырысының маңызды мәселелерінің бірі көру қабілеті зақымдалған спортшылар үшін Blind Football-футбол түрінің дамуына қатысты болды. Дәлірек айтқанда, нашар көретіндерге арналған ұлттық құрама. Жазғы Паралимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енгізілген осы спорт түрінің дамуына «Қайрат» ФК жоғары көңіл бөледі.
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитетімен меморандумға қол қойды. Ол KairatBlind Football Team негізін құрайтын нашар көретіндерге арналған ұлттық құраманы жан-жақты қолдауды білдіреді.
ҚФФ осы футбол түрінің дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ құраманың халықаралық аренаға шығуына көмектеседі.
Сурет: kff.kz