«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Евстафий Пехлеваниди: «Жанкүйер кез келген жағдайда командасын қолдауы қажет»
Қайрат

Евстафий Пехлеваниди: «Жанкүйер кез келген жағдайда командасын қолдауы қажет»

15 мая 2019
/ 00:00

Евстафий Пехлеваниди Академияда болып қайтты. Біздің сайтымызға берген сұқбатында футболдың қалай өзгергені туралы, өзінің мансабында соққан маңызды голдары туралы айтты. Сонымен қатар, нағыз жанкүйерлерді «Қайратты» қолдауға шақырды.

- Соңғы 30 жыл ішінде футболда не өзгерді?

- Білесіз бе, еуропа чемпионатындағы кез келген матчтарда байқайтыным, алыстан гол соғатындардың жоқтығы. Өте аз десе болады. 40 метрлік жерден гол соғатын футболшылар жоқтың қасы. Тіпті 25 метрліктен. Ервеанда ойнағанымызда орталық алаңнан қарсыластар қақпасына тептім. 40 метрлік жерден. Әрине, аздаған жел көмектесті. Көрермендердің орнында «қатып» қалғаны есімде. Алайда доп бағанаға тиді. Тағы бір жағдай – допқа таластың аздығы. Қазіргі футболшылар басна доп қашан келеді екен деп күтіп отырады. Секіру, ұмтылу деген жоқ. Валерий Лобановскийде қалай болды? Ол жартылай қорғаушылардан қапталдан өтіп, допты айып алаңына өткізуін сұрады. Ол жерде форвард болмаса, онда шабуылшы жауап беретін болады. Біз осылай ойнадық. Өз позицияңда жақсы ойнай білу керек.

- «Қайраттың» ойындарын қарап отыратыныңызды айтқан болатынсыз. Командаға нәтижеге жетуге не кедергі деп ойлайсыз?

- Мен футболшылардың ойынын сынға алатын адам емеспін. Әрине, қазір нәтиже көңіл көншітерліктей емес. Осындай сәттерде команда қолдауға мұқтаж., оларға көмек керек. Жанкүйерлердің трибунаға қайта оралуы қажет. «Қайраттың» шын жанкүйерлері командамен әрқашан бірге болуы керек. Мен өз клубымның қайта жеңіс тұғырына көтерілетініне сенімдімін. Өзінің лайықты орнына қол жеткізеді деген ойдамын. Клубтарда сәтсіздіктер орын алып тұрады. Сол сәтсіздіктен тез арада шыға білу керек. Бәрі ойыншыларға, олардың көрсететін ойынына байланысты. Команда тырысып жүргенін білемін. Жақсы ойын өрнегін көрсетсе де, ұтылып қалған кездері көп.

-«Атыраумен» өткен ойын секілді...

Иә. Менің мансабымда да мұндай жағдайлар болып тұрған. «Орталықта» киевтік «Динамоны», Минск елінің «Динамосын» айып алаңынан 70 минут бойы шығармай қойғанымыз есімде. Алайда 0:1 есебімен жеңіліп қалдық. Гуринович, Янушевский секілді ойыншылар келіп оларды тығырыққа тірегенімізді айтты. Олардың барлығы - КСРО құрамасының ойыншылары. Ойын мазмұны ұмтылып, нәтиже есте қалады. Біз жақсы ойнағанымызбен, ұтылып қалдық. Олар мүмкіндікті іске асыра алды, біз – дұрыс ұймыдастыра алмадық.

- Сіз «Қазақстандық голеадор» кітабын қайта шығардыңыз...

Иә, 10 жыл бұрын. Жаңа сапалы мұқабада. Оның үстіне менің атымдағы Академия туралы да ақпарат, бірнеше пікірлер қосылды. Менің ойын статистикам түзелді. Мысалы, гол бойынша. Кітап оңай оқылады. Онда мен және отбасым туралы мәліметтер жазылған. Тбилисидің «Динамосында» ойнаған әкем туралы да ақпарат бар. Жанкүйерлерімнің мені жақсы танығанын қалаймын.  

- Үш сіз соққан маңызды голдарды айтып өтсеңіз.

Еревандық «Арарат» қақпасына соққан голым – мен үшін өте маңызды. Бұл гол - КСРО жоғары лигасында соққан бірінші голым. Біз 0:1 есебімен жеңіліп жаттық, мен 89-минутта есепт теңестірдім. Киевтік «Динамо» қақпасына ойынның 10 секундында соққан голымды айтпауға болмайды. Қарсылас команданың қақпашысы мұндай тосын сыйды күтпесе керек. Бұл гол - КСРО чемпионатындағы ең тез соғылған гол. Тбилисидің «Динамосына»соққан төртінші гол –мен үшін ең маңызды голдардың бірі. Бұл 1984 жылы болды. Трибунада 23 мыңнан аса көрермен жиналған. Біз 3:0 есебімен басым түсіп жатқан болатынбыз. Соңғы шешуші голды мен соқтым. Қуанышымда шек болмады! Ойыннан кейін Кипиани келіп, мені Тбилисиге, «Динамо» сапында ойнауға шақырды. Қызығушылық танытқандарына алғысымды айттым, алайда бас тарттым. «Қайратта» қала бергім келді. Мені ЦСКА клубы да өзіне шақырған болатын…

- Алайда «Қайрат» сіз үшін маңызды команда болды...

- Иә. Мен Қазақстаннан артық жер жоқ екенін үнемі айтамын. Сондай мықты команда болдық! Бізге командалар келуге қорқатын. Үй матчында олардың тас-талқанын шығаратынбыз. «Орталықта» өткізген 17 ойын ішінде 28, 30 ұпай алатынбыз.

- Е. А. Пехлеванииди атындағы Академияға келгенде қандай сезімде боласыз?

- Бұл туралы маған хабарлағанда мен Қайрат Боранбаевпен сөйлесуге бардым. Не үшін менің құрметіме Академияны атағанын сұрадым. Ал ол болса, былай деп жауап қатты: «Сен бұған лайықты емесің бе?!» Басқа сұрақ қоймадым. Біз өзара бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Мен оны қатты құрметтеймін, ол мені. Қиын кездерде еліміздің басты клубтарының бірі - «Қайрат» үшін көп жақсылық жасады, оған алғысым шексіз. Менің атыммен аталған Академия үшін мақтанамын. Менің балаларым мені мақтан тұтады. Өміп келе жатқан немерелерім Пехлеваниди атындағы Академия бар екенін білетін болады. Ол – менің атам деп мақтанышпен айтатын болады.

- Немерелеріңіз футболға қызыға ма?

- Олар әлі кішкентай. Евстафий тамыз айында енді үшке келеді. Георгий футболға аздап қызығады. Ол да әлі кішкентай. Алайда менің футболға махаббатым үш жасымда оянған болатын. Допты құшақтап ұйықтайтынмын. Ол кезде доп жоқ. Әкем теріден жасалған кішкентай доп әкеліп беретін. Аулада бәрі менің добыммен ойнағысы келетін. Үнемі өзімізден үлкен балалармен ойнайтынбыз.


arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»