Өткен жұмада Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиналысының отырысы өтті. Түрлі өзекті тақырыптармен бір қатарда, отандық футбол клубтарының басшылары мен ҚКФЛ алматылық «Қайрат» жасаған шетелдік легионерлердің лимитін қысқарту туралы ұсынысын талқылады. Бұл туралы толығырақ форумда болып қайтқан «Қайрат» ФК техникалық директоры Евгений Красиков айтты.
- Біздің футбол клубымыз ұсынған Қазақстан Премьер-лигасы командаларында өнер көрсететін шетелдік легионерлердің лимитін қысқарту туралы ұсынысымыз жайлы сөйлестік, - дейді «Қайрат» ФК техникалық директоры Евгений Красиков. – Айта кетерлік нәрсе, бұл бағыт бойынша «Қайраттың» отандық футболын реформалау нұсқасы қазіргі қатерлі жағдайды мұқият зерттеу арқылы негізделеді.
- Дәлірек айтып өтсеңіз.
- Аз уақыт бұрын Қазақстанда өнер көрсетіп жүрген шетелдік футболшылардың сапалы құрамының динамикасын сараптамадан өткізіп көргенбіз. Бәріне белгілі, статистика – қырсық нәрсе. Біздің жағдайымызда ол үрдіс туралы ойлануға деген қызықты әрі маңызды себеп көрсетті. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, біз жинаған ақпараттар бойынша, соңғы бес жылда қазақстандық футболда ойнаған легионерлер саны біршама артып кеткен. Бастапқы мәліметтерге сүйенсек, 2014 жылы Қазақстанда өнер көрсеткен шетелдік футболшылар саны 102 болған, яғни, әр командаға 8,5 шетелдік ойыншыдан келеді. 2018 жылы еліміздегі футбол клубтары 135 легионер қолданған, яғни, әр командаға – 11,2 легионерден. Яғни, шегара асып келген футболшылар легі 25%-ға өскен. Логикаға сүйенсек, олардың алаңда өнер көрсетуі геометриялық прогрессияға алып келуі қажет болатын. Бірақ қазіргі жағдайға қарасақ, шетелдік жігіттердің алаңда өткізген ойын уақытының пайызы сәл ғана өскен. 5 маусымда орта есеппен бұл көрсеткіш шамамен 6,5%-ға қана өсті, яғни, бұл өте аз көрсеткіш деп ойлаймын.
- Яғни, қазақстандық футболда ойнайтын шетелдік ойыншылар санының үнемі өсуіне қарамастан, олардың алаңдадағы ойын уқытының пайызы өзгерген жоқ па?
- Дәл солай. Легионерлердің біршама саны ойынның көп уақытын қосалқы құрамда өткізіп, қомақты жалақы алып отырады, оларға спорттық киім, ел ішіндегі сапарлар, оқу-жаттығу үрдістері, медициналық көмекке ақша кетеді. Нәтижесінде клуб басшылары көп ойын уақытын алмаған футболшылармен қоштасады. Алайда көңілінен шықпаған ойыншылардың орнына шетелден басқа футболшылар келеді. Оған қоса, командамен қоштасқан шетелдіктер келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін қарымақы ретінде қомақты ақша алады. Онымен бір уақытта футбол клубтары жаңадан келген легионерлерге жалақы мен сыйақылар төлей бастайды. Жарамсыз болып қалған ойыншымен клуб жәй ғана келісімшартты үзе сала алмайды, себебі футболшылардың құқығын «ФИФА-ның ойыншылар статусы мен ауысымы бойынша ережесі» параграфы қорғайды.
- Демек, осылайша, футбол клубтарының бюджеті екі есе шығынға ұшырайды, яғни, командадан кеткен ойыншыларға берілетін қарымақы және оның орнына келген футболшыларға берілетін жалақы...
- Иә, жағдай солай болып тұр, бірақ әңгіме осы жерден біте қалмайды. Бұл жерде қазақстандық және шетелдік футболшылардың жалақысындағы айырмашылықтарды да мысал ретінде келтіріп кетуге болады. Легионерлердің келісімшартында валюталық айырбастаудың теңгеге шаққандағы өзгерісі есепке алынады, инфляцияға байланысты осындай жағдайлар болып тұрады. Басқаша айтқанда, легионерлер теңге курсының, мысалы, АҚШ долларына өзгерісіне қарамастан, олар өз келісімшарты бойынша жалақы алады. Бұл клубтық бюджетке де айтарлықтай салмақ түсіретіні айқын. Ал еліміздегі ойыншыларға келер болсақ, бұл тұрғыда олар залалда қалып қояды, себебі олардың жалақысы белгіленген түрде, тек ұлттық валютада болады. Шетелдік легионердердің лимитін қысқартсақ, клубтың оларға кететін қаржылық шығындары да қысқарады. Олардың жалақысын төлеу футбол клубтарындағы шығындардың басты бөлігі саналатыны жасырын емес. Ресми статистикаға сүйенетін болсақ, ойыншылардың еңбекақысын өтеу үшін футбол клубтары бюджетінің 70%-ы кетеді.
- Қалай ойлайсыз, шетелдік ойыншыларға лимит қысқартылса, бос қалған ақшаны дамудың қандай бағыттарына жұмсауға болады?
- Ең алдымен, ішкі инфрақұрылымды дамытуға, көптеген қазақстандық футбол клубтарында бұл тұрғыда даму қажет. Бірінші кезекте, біз дереу жаңғыртуды талап ететін өз резервімізді оқытуға жағдай жасауымыз керек. Егер қарапайым есепке алсақ, үш-төрт шетелдік ойыншыдан бас тартқан кезде есепке алынатын қаражат, мысалы, заманауи футбол алаңын салуға мүмкіндік береді.
- Резервтің тиісті жағдайларын қамтамасыз етуге арналған спорттық нысандардың болмауы өзекті мәселе болып отырғанына ондаған жылдардан асты...
- Өздеріңіз білетіндей, «Қайрат» футбол клубы білім берудің көп қырлы және халықаралық стандарттарға сай келетін резервтік құрылымын құрды, ал басқа клубтарда тәрбиеленушілердің шеберліктері өсуі үшін академиялық жағдаймен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып келеді. Отандық кәсіпқой ортада футбол алаңдарының жетіспеушілігі қазақстандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектеріне доппен жұмыс істеудің қажетті уақытын алуға мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан, біздің жігіттеріміздің көпшілігінде техникалық қателіктер пайызы жоғары болады. Нәтижесінде, қазақстандық футболшылар, мысалы, Еуропадан келген жоғары дәрежелі командаларға қарсы үлкен қиындықпен ойнайды, яғни, олар өздерінің деңгейі төмен екенін іштей сезіп тұрады. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, дәстүрлі ерік-жігер қасиеттерінің арқасында қазақстандық ойыншылар кейде атақты қарсыластарды жеңіп кетіп жатады, бірақ жалпы алғанда отандық футболшылар табысты ойындарды үрдіске айналдырудан әлі де алыс.
- Демек, қазақстандық футбол тәрбиеленушілерінің шеберлік деңгейі спорт нысандарының қажетті санының болмауына байланысты зардап шеге ме?
- Өкінішке қарай, ішінара болса да, бірақ әлі күнге дейін солай. Ақиқат үшін айта кетейік, климаттық жағдайлардың айырмашылығына байланысты елдің оңтүстігіндегі футболға қатысатын жігіттердің солтүстік немесе шығыс академияларына қарағанда доппен жұмыс істеу уақыты біршама көбірек. Бірақ тұтастай алғанда, бұл жағдай алаңдаушылық тудырады. Орташа алғанда, бапкерлер мен балалар айырылған доппен жұмыс істеу сағаты әдістемелік қолайлы бағдарламаның 35-40%-ын құрайды. Бұл негізінен ішкі резервтік мектептердің инфрақұрылымында барлық ауа-райына сай келетін футбол алаңдары жоқ, тіпті, қарапайым футбол алаңдары жетіспейді. Көбінесе олардың құрылысы үшін қаржы болмай жатады.Осындай жағдайдан шығу үшін, шетелдік легионерлердің лимитін төмендетуді ұсынып отырмыз, олардан қалған ақшаны алаңдардың проблемасын жою үшін жұмсауға болады. Мүмкін, осылайша қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын игеру үшін алғышарттар жасауға болатын шығар, біртіндеп цифрлауға көшуге, яғни, оқу үрдісінің мониторингі үшін интеграцияланған электрондық талдау жүйесін пайдалануға болады. Біз GPS-аппаратура, бейне талдау жүйелерінің және жас футболшылардың талант деңгейін анықтауға арналған басқа да технологиялық жабдықтардың болуы туралы айтып отырмыз.
- «Қайраттың» легионерлер санын азайту туралы ұсынысынан соң, шетелдіктерге шектеу азайғаннан кейін қазақстандық білікті ойыншылардың бағасы қымбатқа түсіп кетеді деп қарсы шыққандар болады. Олар өз қызметтері үшін төлемнің онсыз да жоғары бағасын одан сайын көтере бастайды деп саналады...
- Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, реформа жобалары, әдетте, белгілі бір қарсы әсерлерге тап болып жатады. Әрине, бұған өте байсалды қарау керек, бірақ біздің жағдайда жоғары деңгейдегі отандық футболшылардың бағасының көтерілуіне жол бермей, содан кейін біртіндеп олардың жалақысын толықтай төмендетуге болады. Жергілікті ойыншылардың жоғары бағасы жасанды сұраныстың қалыптасуына байланысты болып отыр.
- Осы ұсыныстың орындалуы үшін алғашқы қадамдар жасалды ма?
- Біз көтеріп отырған мәселенің ресми деңгейде айқын түрде талқылануы нақты нәтиже болып табылады. Жұма күні, мысалы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиналысында әріптестермен пікір алмастық. Шынын айтсақ, пікірлер қарама-қарсы. Бірақ біз кәсіпқойлар арасында өз жақтаушыларымыз жиналып жатқанына қуаныштымыз. Жалпы алғанда, көптеген сарапшылар жыл өткен сайын отандық жұлдыздар өздерін өзіндік тауар ретінде көрсетіп, бағаны өздері белгілеп жүрген жағдайда қол қусырып отыру неге алып келетінін түсінеді. Айта кетерлік нәрсе, «Қайрат» футбол клубының ресми ұстанымы бұл мәселені түбегейлі шешуге бағытталған. Біз ҚПЛ командаларында шетелдік ойыншылардың лимиті бес ойыншыдан аспағанын қалаймыз. Алаңда бір мезгілде 6 шетелдік болып, команданың құрамы он легионерден тұратын ағымдағы тәжірибе Қазақстанда футбол тәлімін алған жастардың мансабы үшін белгілі бір тосқауыл туғызады. Клуб алдында турнирдік мақсаттар ғана емес, командаға алынған легионерді ойнату керек болып тұрған жағдайда жасөспірімнің негізгі командаға кіруі қиын екенін түсіндіргім келеді. Деңгей бойынша көптеген қазақстандық футболшылардың артта қалғанына келер болсақ, резервті дайындау үшін халықаралық дәрежеге сай келетін жағдай жасай отырып, біз өз ойыншыларымыздың біліктілігінен арттыру жолында тамаша мүмкіндікке ие боламыз.
- Бұған нақты бір уақыт керек сияқты...
- Иә, бірақ шын мәнінде, бұл мүлдем табиғи нәрсе. Қажетті инфрақұрылымды жаңғырту кезеңі 3-5 жылға созылуы мүмкін. Мұның бәрі жергілікті биліктің резервистерді жөнге келтіруге қаншалықты мүдделі екеніне байланысты. Бұған қоса, қазақстандық командаларға өз ойыншылардын тәрбиелеу бойынша ұзақ мерзімді жобалармен бас қатырмай, легионерлермен күшейіп, жүлделі орындар алу секілді ойлардан арылуға тура келеді. «Қайрат» футбол клубы қазақстандық резервтік мектептердің тәрбиеленушілерін лайықты дайындық жағдайымен қамтамасыз етуге шақырып қана қоймай, өз позициясын іс жүзінде көрсетіп келеді. Заманауи оқу базасының құрылысы, бірқатар филиалдары бар резервтік академия, Қазақстанда және шетелде танылған балалар мен жасөспірімдер жаттықтырушысын шақыру, заманауи жаттығу құрылғылары, сондай-ақ, озық технологиялар сатып алу бұл сөзіме дәлел бола алады. Жақында ғана, дәлірек айтқанда, былтыр «Қайрат» басшылығы клубтың бапкерлік корпусының біліктілігін жақсарту үшін бірқатар озық шетелдік мамандарды тарта отырып, ішкі білім беру бағдарламасын жүзеге асырды. Жақында Германиядан шақырылған Вольфганг Гейгер «Қайрат» ФК Академиясының директоры қызметіне тағайындалды. Жоғарғы деңгейдегі кәсіпқой бола отырып, ол өз елінде көптеген еуропалық чемпионаттарға көрік беріп жүрген көптеген таланттарды тапқанымен танымал.
- Осы ойларыңыз жүзеге асса, қазақстандық футболдың жақын болашағы қалай болады деп ойлайсыз?
- Қажет емес легионерлерден босаған қаржыға заманауи футбол алаңдарының жеткілікті етіп салған жағдайда Қазақстанда жоғары деңгейлі футболшыларды дайындау бойынша нақты серпіліс жасауға мүмкіндік туады. Әрине, бұл ұлттық командалардың институтына да оң әсер етеді. Құрама бапкерлерінің селекциялық таңдауы сандық жағынан да, сапалық жағынан да кеңейеді. Біздің елімізде «Мықты клубтар – мықты құрама!» деп танылған жалпыға ортақ кәсіби ұғым жәй ғана ұран болып қала бермей, ол нақты жүзеге асады. Алайда, «Қайрат» ұсынып отырған өзгерістер бойынша ұсыныстарды тез арада қабылдамасақ, оның салдары жаман болуы ықтимал. Өз резервімізді арттыруға жұмсалуы мүмкін қаражат әрі қарай да шетелге кетіп қала береді, ал ұлттық резерв мектебі елеулі прогреске қол жеткізе алмайды.
- Өз резервімізді тәрбиелеу үшін қажетті жағдайды жасау керек екенін айттыңыз. Бірақ осы жоспар жүзеге асса, саны көбейген өз тәрбиеленушілерімізге көлемді турнирлік тәжірибе қажет болады ғой...
- Біздің ойымызша, ең алдымен ойын тәжірибесін және қатысушылардың санын ұлғайту бағытында 17 және 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында отандық жарыстар өткізу форматын ойластыру қажет. Өйткені, аталған жас санаттары бойынша еуропалық аренада біздің еліміздің намысын қорғайтын Қазақстанның жастар құрамасы осы ойыншылардан құралады ғой. Жоғары сапалы жас футболшылар тобын кеңейту Премьер-Лига командалары үшін тұрақты резерв құруға мүмкіндік береді. ҚПЛ-дегі жарыстардың қазіргі схемасына сәйкес, 12 клуб жарысып жатқанда, әртүрлі ұлттық құрамалар үшін әлеуетті кандидаттардың саны шамамен 500 ойыншы бола алады.
- Жоғарыда айтылғандарға алып-қосарыңыз бар ма?
- Объективті түрде айтсақ, бүгінгі күні «Қайрат» ірі және прогрессивті жобаларды іске асырып, жүйелі түрде жүзеге асыратын жалғыз қазақстандық футбол клубы саналады. Дамудың ғылыми, материалдық және технологиялық жағынан алынған жоспарларды біз «Қайрат» ФК Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы қалыптастырған философия мен ең соңғы әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып есептелген бағдарлама тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырамыз. Біздікіне ұқсас жобалар тек энтузиастардың ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның басқа аймақтарындағы демеушілердің де қолдауына ие болады деп үміттенеміз. Бұл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболының жаңа орбитаға шығуына себеп болады. Білікті резерв дайындаған біздің командалар трансферлік нарықта көптің назарына түсе алады. Резервтік мектептегі жас тәрбиеленушілерге көп ақша құю ұзақ мерзімді жұмысты қажет ететінін түсінеміз. Бірақ бұл іс сол жұмыс пен шығынның жемісін әкеледі. Бұл ұсынысты Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мен қазақстандық кәсіби футбол клубтары қолдайды деп үміттенеміз. Қажетті нәтижеге жылдам, әсерлі және көлемді түрде бір ғана команда емес, бүкіл мемлекет болып жұмылып қол жеткізе аламыз.