«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Еурокубокты сәтті бастадық
Қайрат

Еурокубокты сәтті бастадық

13 июля 2018
/ 00:00

«Қайрат» УЕФА Еуропа лигасы іріктеуінің жаңа маусымын сенімді бастады.

«Энгордани» - «Қайрат» - 0:3

Голдар: Вагнер (аг), 5, Исламхан (пен), 25, Эппель, 90

«Энгордани»: Хесус Кока (Қ) - Вальтер Вагнер, Кристиан Сельяй, Мигель Руис, Рафаэл Бриту - Фабиу Серра, Кристофер Поуса, Марио Спано, Матео Родригес - Ларсен Туре, Себастьян Гомес

Резерв: Роби (Қ) - Себастьян Варела -  Морган Ляфонт, Хамза Бухарма - Родриго Хуида, Луиджи Сан-Николас, Брайан Фильямонте

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ) - Шелдон Бато, Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Александр Соколенко - Акош Элек, Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К) (73, Жуков) - Исаэль Барбоза (65, Швырев), Андрей Аршавин, Адеринсола Эсеола (58, Эппель)

Резерв: Стас Покатилов (Қ) - Айбол Әбікен, Ян Вороговский

Андорралық «Энгорданиге» қарсы матчтпен алматылық «Қайрат» өзінің еурокубоктағы сапарын бастады. УЕФА Еуропа лигасының жеребесі алғашқы ойынды еуропалық команданың алаңына түсіріп, матч Андорра-ла-Вельяда өтті.

«Сары-қаралардың» бірінші голы ұзақ күттірген жоқ: кездесудің 5-ші минутында Сүйімбаев алаң иелерінің айып алаңына пас асырған, Вагнер допты өз қақпасына соғып алды.

Артынша «Қайрат» допқа иелік етуін жалғастырды, андорралықтар допты қонақтарға беріп, көбіне қорғаныста ойнады. Матчтың 25-минутында команда капитаны Бауыржан Исламхан пенальтиден гол соғып, басымдықты ұлғайтты.

Таймның соңына дейін командалар гол соқпай, үзіліске осы есеппен кетті.

Матчтың екінші жартысында да «Қайрат» жоғары қарқынды ойын көрсетіп, допқа иелік етті. Қайраттықтар есепті іріге дейін жеткізетін бірнеше мүмкіндік алған: Шелдон Бато бұрыштан әуелеген допты жақын бұрышқа жіберген еді, алайда қақпадан сәл ғана қиыс кетті.

Кездесудің аяғында Мартон Эппель «Қайраттағы» дебютті голын соқты: Александр Соколенконың пасынан кейін ол «Энгордани» қақпасына үшінші допты салды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»