Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша ең қымбат украиналық форвардтар тізіміне енді.
«Трибунаның» хабарлауынша, бірінші орынды киевтік «Динамо» ойыншысы Владислав Супряга еншіледі – 4,5 миллион еуро. Ал екінші орында «Гент» шабуылшысы Роман Яремчук тұр – 3,5 миллион еуро.
«Қайраттық» Адеринсола Эсеола осы маусымның қорытындысы бойынша үздік ондыққа енді: оның трансферлік бағасы 800 мың еуроны құрайды. Осы маусымда форвард Қазақстан Премьер-лигасында 17 гол, Еуропа лигасының іріктеуінде 3 гол соқты.