Назарларыңызға матчтың төрешілер бригадасын ұсынамыз.
Қазақстан Премьер-лигасының жетінші турында «Қайрат» сырт алаңда павлодарлық «Ертіспен» күш сынасады. Матчтың бас төрешісі – тараздық Асхат Абданбаев. Оған алаң жиегінде қызылордалық Серік Жаппасбаев пен қостанайлық Максим Панин көмектеседі.
Төрешінің қосымша көмекшілері қарағандылық Артем Кучин мен тараздық Сәкен Байымбет болмақ. Кездесудің қосалқы төрешісі – павлодарлық Григорий Московченко. Ал матч инспекторы – өскемендік Павел Салий.