7-8 мамыр аралығында Т.С. Сегізбаевты еске алуға арналған ардагерлер арасында өтетін турнирге сегіз ұжым қатысқалы отыр.
Турнирге сегіз ұжым қатысады. «Қайрат» сапында Құралбек Ордабаев, Сеильда Байшаков, Ваит Талгаев, Михаил Гурман, Юсуп Шадиев, Сергей Волгин секілді аңыз ойыншылар өнер көрсетеді. Алматылық клубтың қарсыластары - Тараз, Шымкент, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Талдықорған, Павлодара және Томск (Ресей) қалаларының командалары.
Аталмыш турнирді көруге барлық жанкүйерлерді шақырамыз! Турнир 7 мамырда сағат 10.00-де басталады. Өтетін жері – Майлин көшесі, 230, Т.С. Сегізбаев атындағы Академиясының алаңы.