Ертең швейцариялық Ньонда Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.
«Сары-қаралар» алғашқы іріктеу кезеңінің еленген командалар тобына енді. «Қайратпен» бірге варшавалық ««Легия», бухаресттік «Стяуа», Уле-Гуннар Сульшер баптаған норвегиялық «Молде», шотландиялық «Абердин» мен «Рейнджерс», сербиялық «Раднички» (ол жерде біздің қорғаушымыз защитник Раде Дугалич доп тепкен), Минск қаласының «Динамосы» және тағы басқа клубтар түскен.
Алғашқ екі матчтық дуэль бойынша «Қайраттың» ықтимал қарсыластарының арасында
үлкен таңдау бар. Бірінші кезеңнің іріктелмеген командалар арасынан Ирландия
(Шэмрок Роверс), Уэльс («Коннас Квай Номадс»), Македония (Горан Пандев
Академиясы), Солтүстік Ирландия («Клифтонвилл»), Грузия («Торпедо» Кутаиси) бар.
Сәрсенбі күні, 19 шілдеде «Қайрат» екінші іріктеу кезеі аясында ықтимал қарсыластарын білетін болады. Алматылықтар кездесуі мүмкін клубтар: «Рома» (Рим), «Эспаньол» (Барселона), «Айнтрахт» (Франкфурт), англиялық маусымның бұрынғы таң қаларлық «Вулверхэмптон» клубы, Партизан (Белград), голландиялық «Утрехт» пен АЗ Алкмар, сонымен қатар өткен маусымдағы оқу-жаттығу жиынында «сары-қаралар» жеңген тулалық «Арсенал».