«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Еркін Тапалов: «Бізге жанкүйерлердің қолдағаны керек»
Қайрат

Еркін Тапалов: «Бізге жанкүйерлердің қолдағаны керек»

21 февраля 2025
/ 23:44

«Қайрат» қорғаушысы Қазақстан Суперкубогында «Ақтөбемен» өтетін матчқа қатысты пікір айтып, журналистердің сұрағына жауап берді:

– Сәлеметсіздер ме! Барлық жанкүйерді маусымның басталғанына байланысты құттықтаймын! Ертеңгі матчты асыға күттік. Жақсы ойын болады деп ойлаймыз. Ертең бізге жанкүйерлердің қолдағаны керек. Құдай қаласа жеңіп, Суперкубокты Алматыға әкелеміз.

– Бәсеке қай жерде жоғары? Былтырғы «Тобылда» ма, қазіргі «Қайратта» ма?

– «Тобылда» маған мықты бәсекелес адам болды. Кейде ойнадым, кейде ойнамадым. «Қайратта» өте жас әрі болашағы зор ойыншылар бар. Дастан Сатпаевты айтып отырсыз, бірақ одан басқа да талантты ойыншылар бар. Жақында олар жайлы міндетті түрде естисіз деп ойлаймын.

– Клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатыңызда «Қайрат» сапында ойнау деген арманыңыз орындалды деп айттыңыз. Командадағы алғашқы айлардан қандай эмоцияларды бастан өткердіңіз?

– Дұрыс айттыңыз. Бұл менің бала күнгі арманым. Өздеріңіз білесіздер, мен Оралданмын, «Ақжайық» ФК түлегімін. «Қайраттың» деңгейіне жеткен оралдық клубтың ойыншылары көп емес. Ал мен қазір осы жейдені киіп, «Қайрат» намысын қорғайтыныма өте қуаныштымын. Расымен де, арманым орындалды. Осы трансферді жасағанына және маған берген мүмкіндікке жетекшілік пен бапкерге алғыс айтқым келеді. Мен клубқа өте пайдалы болғым келеді. «Қайраттың» атынан шығатыным қуантады.

– Командада қанша адам қазақша сөйлейді?

– Командада қазақтар көп. Жаттығуда да, күнделікті өмірде де бәріміз қазақша сөйлейміз.

– Қазақстан футболы әлемдік деңгейге қашан шығады? Бізде Дастаннан басқа да осындай жетістікке жететін ойыншыларымыз қашан болады?

– «Қайратты» алатын болсақ, бізде өте талантты жас футболшылар бар. Осында келген бойда соны бірден байқадым. Мен аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Ертең не маусым барысында аты-жөнін өзіңіз білетін боласыз. «Қайратта» ондай ойыншылар сөзсіз бар. Оларды өз көзіммен көрдім. Күнделікті жаттығуда бақылап жүрмін.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»