«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Setanta Qazaqstan телеарнасы ұйымдастырған Сyber Champions Cup турниріне қатыстқандығы жайлы, карантин режимі және көрген сериалдары туралы әңгімеледі.
- Еркебұлан, карантин жағдайында уақытыңды қалай өткізесің? Сенің күн тәртібің қандай?
- Менің ойымша, ол көптеген футболшылармен бірдей өтуде. Біз бүкіл отбасымызбен оянып, таңғы ас ішеміз. Мен барлық бос уақытымды отбасыма, әсіресе қызыма арнауға тырысамын. Сондықтан да уақыт тез өтуде. Түстен кейін жаттығуға дайындала бастаймын. Әр жаттығуға барыңды салу маңызды, себебі бұл форманы сақтау үшін қажет. Жақсы көңіл-күймен жаттығамын. Жаттығулар күн сайын онлайн-режимде өткізіледі. Біз бапкерлер штабына сенеміз және де барлық талаптарды орындаймыз. Содан кейін демалып, кешкі ас ішемін, Playstation FIFA ойнаймын.
- Сен Setanta Qazaqstan телеарнасы ұйымдастырған Сyber Champions Cup турниріне қатысып жатырсың. Матчтар туралы айтып берші. Кіммен ойнау қызықты болды?
- Турнир керек кезде ұйымдастырылды, себебі қазір бос уақыт пайда болды. Сонымен қатар, ол өте қызықты. Оған дейін мен интернетте ойнап көрмегенмін. Сондықтан бұл менің алғашқы тәжірибем. Сондықтан әрбір матч маған қызықты. Әзірше үш матчта екі жеңіске жеттім. Бастама жаман емес.
- Playstation ойнай отырып, киберспортсмен ретінде қанша уақыт жаттығасың?
- Мен жаттығамын деп айта алмаймын. Тек бос уақытымда достарыммен ойнаймын. Шамамен, күн ара 2-3 сағаттан. Менің ойымша, қорғаныстағы ойынға көп жұмыс істеу керек. Әзірге Сyber Champions Cup турнир кестесінде менде алты ұпай бар.
- Бұл турнирде сен қызықты матчта «Астана» өкілі Макс Эбонгты жеңдің. Бұл принципиалды ойын болды ма?
- Ерекше бір принципиалды болған жоқ. Бірақ, әрине, мен нәтижеге ризамын. Әрдайым жеңіске жеткің келеді. Оның үстіне мен Эбонг ФИФА ойынын жақсы ойнайды деп естідім.
- Қалған Сyber Champions Cup матчтарында алдыңа қандай міндеттер қойдың? Үш жеңіске жету? Топтан шығу?
- Мен бұл турнирде жеңіске жетуді алдыма мақсат қылып қойған жоқпын. Жеңіске үміткерлер жеткілікті, себебі қатысушылар арасында кәсіби киберспорстмендер көп. Мен үшін уақытты қызықты өткізу, ойын кезінде эмоциялардан қуат алу маңызды. Сондықтан да мен ойынға қатыстым.
- Бос уақытыңда қандай сериалдар көресің?
- Карантиннің арқасында «Игра Престоловты» көрдім. Бұған дейін бос уақытым болмады. Ал қазір енді уақыт пайда болды, мен барлық маусымдарды көрдім. Маған ұнады. Өте қызықты және сапалы сериал. Қазір әйеліммен бірге «Бумажный дом» көріп жатырмыз.
- Чемпионат көрерменсіз өткізілуі мүмкін. Бұл туралы не ойлайсың?
- Әрине жанкүйерлер алдында ойнағымыз келеді. Әсіресе өз алаңымызда өткізілетін ойындарда. Егер де көрермендердің денсаулығына қауіп төнсе, оны қабылдау керек. Үкіметтің жоспарына сай әрекет ету қажет.
- Футболды сағынған жанкүйерлерге не айтарың бар?
- Біз де алаңға оралғымыз келеді деп айтқым келеді. Біз де жанкүйерлеріміз сияқты футболды сағындық. Бірақ қазір, мұндай қиын және қауіпті уақытта карантиндік шараларды барынша ұстану қажет. Сонда біз осы вирусты бірге жеңеміз!