«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Еркебұлан Сейдахмет:«Мен клубқа маңызы бар жеңіске ат-салысқаныма өте қуаныштымын»
Қайрат

Еркебұлан Сейдахмет:«Мен клубқа маңызы бар жеңіске ат-салысқаныма өте қуаныштымын»

02 июля 2019
/ 11:00

Еркош, саған Қайрат құрамындағы ең алғашқы ойын немен есте қалды?

Менің ең алғашқы Қайрат формасындағы ойыным қонақ алаңда және де Астанаға қарсы болды. Одан артық не болсын.Бапкерлік штабқа, мені қолдаған, сенім артқан ойыншаларға, барлығына рахметімді айтамын. Біз 2:0 есебімен жеңіске жеттік, менің ойымша, дебют ойдағыдай өтті.

Алаңға шығар алдында қандай сезімде болдың? Қатты қобалжу болды ма?

-Жоқ, қобалжу болмады. Маған барлығы қолдау көрсетті: бапкерлер, ойыншылар. Сондықтан қатты қобалжуды сезінбедім. Ойынға бар зейінімді салуға тырыстым. Барлығы ұнады. Ойыннан керемет әсер алдым. Енді ары қарай жұмыс жасау қажет. Көп жұмыс жасасам, командаға да көп пайдамды келтіремін.

Ойыншылардың қайсысы саған ойынға бағыт-бағдар берді? Капитан?

Ия, Бато, ойын алдында біраз кеңес берді. Ол маған ойындарда жеңіл болу үшін  үнемі нені қалай істеу керектігі жайлы айтып отырады

 Сенде Уфа,  Левски құрамасында дебюттік матчтар болды, ал енді Қайрат. Қайссы ерекше болды?

«Уфа» құрамныдағы дебютім Анжи командасына қарсы жеңісті матчта болды, «Левски» құрамында ең алғаш рет «Вереиге» қарсы ойнадым. Ол кезде де жеңіске жеттік. Ал енді «Кайратта» да жеңіске жеттік. Біз ең басты қарсыласымызды жеңгесін, әрине бұл жеңіс басқаларға қарағанда ерекше. Мен клубқа маңызы бар жеңіске ат-салысқаныма өте қуаныштымын.

 -Матчта сенің аяғың тайған кез болды. Жасанды алаңда ойын қыйын болды ма?

Ия, бұл газонда ойнау қыйын болды. Мен Тараз командасы құрамында ойнаған кезімде бұл стадионда жақсы жасанды газон болатын. Ал қазір ол жерде қатты жасанды газон. Сондықтан да барлығына ол жерде ойнау қиын болды.

Ойында көп жүгірдің бе?

Ия. Менің бұндай алаңда толық 90 минут ойнамағаныма біраз болды.  Бірақ демалыстан кейін өзімді жақсы сезініп отырмын. Барлығы жақсы болады.

Алматыға ұшып келгеннен кейін біраз ұйықтай алмадың ба?

Мен ойыннан кейін ұйықтай алмаймын, баска футболисттер де солай. Матч сағат 10- бітті. Шамамен сағат таңғы  бесте көз ілдім. Оянғаннан кейін менде бірден қалыпқа келтіретін жаттығу болды. Залда біраз жаттығып бассейнге тустім. Христос Паподоплустың ерекше нұсқаулықтарымен көбіне стретчинг болды. Жаттығудан кейін жақсылап ұйықтап алдым. Ұйқы қалыпқа келу үшін өте маңызды. Өзімді жақсы сезініп отырмын.

Бір күннен кейін Ордабасыға қарсы матч. Старттық құрамға қайта кіруге үміттісің бе?

Әрине қалаймын, бірақ барлығын бас бапкер шешеді. Тек ол ғана кім қай кезде командаға пайдасын тигізетінін шеше алады. Мен алаңға старттық құрамда да немесе қосалқы құрамнан да  шығуға  дайынмын. Қалай бапкер шешеді, солай болады. Мен бапкермен 100% келісемін.

Прессада сені «Қазақ Мессиі» деп атайды. Сен үшін үлгі ұстар жақсы футболист кім?

Мүмкүн, Марко Ройс. Ол бойына  ерекше ойындық ойлауды, шеберлікті,  техниканы уйлестіреді. Барлық жақсы қасиеттер. Мені «Қазақ Мессиі» деп тек қазақстандық БАҚ өкілдері ғана атайды.

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»