«Қайрат» ФК шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет біздің сайтқа берген сұхбатында «Қайраттағы» жаттығулар жайлы айтып және де өзінің жаздағы басты арманымен бөлісті.
Еркош, «Хапоэльге» қарсы жауап ойын алдында көңіл-күйің қалай?
-Біз күреске дайындалып жатырмыз! Бапкер маған мүмкіндік береді дегенге үміттенемін. Мен осы матчта ойнауды және де «Хапоэльдің» қақпасына гол соғуды армандаймын. Бізге жеңіс өте қажет! «Қайраттықтардың» барлығы үшінші турға өтуді армандайды деп ойлаймын. Бейсенбі күні стадион толы болады деп үміттенемін. Жанкүйерлер біздің он екінші ойыншымыз. Жақсы қолдау бізге голдар соғуға көмектеседі.
- Сен «Қайраттағы» жаттығу процессіне бейімделіп кеттің бе?
-Ия, мен қуана-қуана жаттығамын. «Уфа», «Левскидағы» жаттығулардан басты айырмашылығы ол-қарқындылық. «Қайратта» жүктеме көп және де процесстің өзі әлдеқайда қызығырақ. Көп жаттыққан сайын, қызықты жаттығулар да көп. Қалыпқа келу де оңай. Біздің база- Еуропадағы ең үздік базалардың бірі. Барлығы бар: сауна, бассейн, криокамера, массаждың түр-түрлері. Қалыпқа келу – маңызды процесстердің бірі. Сондақтан да қалыпқа келу ұнайды.
- Сен жақында «Қайрат» құрамында бірінші голыңмен ерекшелендің. Нәтижесінде «Тобылға» қарсы ойын үлкен жеңіспен аяқталды.Осыны Еуропа Лигасында қайталауға дайынсың ба?
- Ия, мен дайынмын. Егерде бапкерлер ұжымы маған алаңға шығуға мүмкіндік берсе, мен гол соғуға барлық күшімді саламын. Әрине мен серіктестеріме де ойнауға тырысамын. Біздің голдарымызды кім салатыны маңызды емес, маңыздысы үшінші турға өтетіндей гол соғу.