«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Еркебұлан Сейдахмет: «Бапкер екі таймда да қорғанысқа жатып алмай, шабуыл жасаңдар деп айтты»
Қайрат

Еркебұлан Сейдахмет: «Бапкер екі таймда да қорғанысқа жатып алмай, шабуыл жасаңдар деп айтты»

16 августа 2023
/ 06:00

«Қайрат» жартылай қорғаушысы «Тобылды» жеңгені (2:1) және Қазақстан Ұлттық құрамасына қайта оралғысы келетіні туралы айтты.

– Еркебұлан, жеңіс құтты болсын! Матч туралы пікіріңді айта кетсең. Бірінші тайм мен екінші таймға қандай баға берер едің? Команда ойын жоспарын орындай алды ма?

– Баршаңызға рақмет. Барлығыңызды жеңіспен құттықтаймын. Бірінші тайм да, екінші тайм да әсерлі әрі қызықты болды. Бапкер екі таймда да қорғанысқа жатып алмай, шабуыл жасаңдар деп айтты. Бапкердің нұсқауын орындадық деп ойлаймын.

– Славаның голы мен сенің гол алды пас берген сәтті еске түсірейік. Сол жағдайды өз көзіңмен қалай көргеніңді айтып берші.

– Слава өте әдемі гол соқты. Бізде Олег Недашковский деген бапкер бар, ол қорғаныстағы ойынға жауапты. Бірақ ол бізден үнемі шабуыл жасап, алға жылжуды, қысым жасап ойнауды талап етеді. Соның арқасында гол соқтық деген ойдамын.

– Қазақстан құрамасының қыркүйек айындағы ойындарына шақырады деп күтіп жүрсің бе?

– Иә, мен Ұлттық құрамаға қайта оралып, жігіттерге көмектескім келеді. Ұлттық құраманың бас бапкері мені командаға керек деп санаса, шақырту аламын. Ал мен еліміздің негізгі командасына оралу үшін жұмысты жалғастырамын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»