«Қайрат» – «Атырау» 2:0
Гол: Эппель (17', 90').
«Қайрат»: Стас Покатилов (қ) – Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Раде Дугалич (к), Ғафуржан Сүйімбаев – Дино Миканович, Айбол Әбікен, Рамазан Оразов, Хан Чжон Ву, Конрад Вржещиньский
– Мартон Эппель.
Резерв: Данил Устименко (қ) Сергей Кейлер – Исламбек Қуат, Георгий Жуков,
Небойша Косович – Вячеслав Швырев, Адеринсола Эсеола.
«Атырау»: Владимир Логиновский (қ)
– Ризван Аблитаров, Франтишек Кубик, Дәурен Мажитов – Қуаныш Қалмұратов, Желько
Филипович, Андрей Ткачук, Ринат Жұматов, Айбар Нұрыбеков (к) – Алексей Родионов,
Йосип Иванчич.
Резерв: Александр Заруцкий (қ) – Ивица Жунич, Қуаныш Ельтезеров,
Андрей Шабаев, Сергей Загинайлов – Эльдар Абдрахманов, Дәурен Кайралиев, Эдуард Сергниенко, Владимир Воменко
Кейінге шенерілген Қазақстан чемпионатының 20-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» қабылдады. ҚПЛ аясында «мұнайшыларға» қарсы өткен соңғы төрт матчта басым түскен «сары-қаралар» бесінші рет қатарынан жеңіске жетті.
Алматылық клуб бапкері «Астанаға» қарсы кездесуде шыққан ойыншылардан жартылай қорғаушылар мен шабуылды ғана өзгертіп, қалған ойыншылар тізімі «Атыраумен» өтетін ойында дәл сол күйнде қалды. Алексей Шпилевский Мартон Эппельді орталық форвард ретінде алаңға шығарды. Хан Чжон Ву мен Конрад Вржещиньский шабуылда оған көмектесті.Ойынның алғашқы минуттарында допқа қожайындар иелік етті. 12-минутта «Атырауға» қарсы есеп ашылды. Бұрыштамадан қақпаға қарай доп тепкен Айбол Әбікен Мартон Эппельге нәтижелі пас берді. Есеп –1:0. Үзіліске дейің Алексей Шпилевскийдің шәкірттеріне есепті арттыруға мүмкіндіктері болған, алайда сәттілік жетіспеді.
Екінші таймда қайраттықтар допқа иелік «мұнайшылар» қақпасына қарай бірнеше қауіпті сәттер туғызды. «Қайрат» алаңға Небойша Косович пен Сергей Кейлерді шығарды. Екі ойыншы да қарсыластарын біраз «қорқытты».
73-минутта Вржещиньский сол аяғымен бағанаға теуіп, оны қаққан голкипер бұрыштамадан допты бір-ақ шығарды. Бұрыштамадан тебілген доп «Атырау» қақпасына кіруге сәл қалды. Сәлден соң қонақтар сапынан Айбар Нұрыбеков симуляция үшін екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. «Атырау» капитаны бірінші сары қағазды алғашқы таймның аяғында арбитрмен сөйлескені үшін алған болатын.
Ойынның соңғы минутында Эппель дубль орындады. Кейлердің соққысын Владимир Логиновский қақты, алайда допты қақпадан аластата алмады. Желаяқ Вржещиньский голкиперден допты тартып алып, Эппельге пас шығарды. Есеп -2:0.
Осылайша, «Қайрат» Қазақстан чемпионаты аясында «мұнайшыларды» бесінші рет қатарынан жеңді.