«Қайраттың» шабуылшысы Мартон Эппель алдағы халықаралық матчтарға қатысу үшін Венгрия ұлттық құрамасына шақырту алған футболшылар тізіміне енді. Венгрлерді алда Ұлттар лигасы аясында Финляндия және Грекия құрамалары күтіп тұр.
Финляндия құрамасымен матч 8 қыркүйекте сырт алаңда, ал гректермен ойын 12 қыркүйекте өз алаңында өтеді.