Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» пен андорралық «Энгорданидің» қарымта матчында черногориялық төрешілер қызмет етеді.
Матчтың бас төрешісі болып Йован Калуджерович бекітілді. Оған көмектесетіндер: отандастары Даниэль Девич пен Владан Тодорович, төртінші арбитр — Предраг Радованович.
Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» - «Энгордани» матчы 19 шілдеде өтеді, шоу-бағдарлама 18:00-де басталады.