«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Эндрю Парсонс «Қайрат» жасөспірімдерінде қонақта болды
Академия жаңалықтары

Эндрю Парсонс «Қайрат» жасөспірімдерінде қонақта болды

01 февраля 2019
/ 00:00

Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті Эндрю Парсонстың Қазақстанға қонақтап келуі жалғасуда. Елімізге сапары барысында осынша үлкен қонақ Алматыда болып, «Қайрат» кәсіпқой футбол клубының тәрбиеленушілерімен кездесті, команданың оқу-жаттығу базасына барды, сонымен қатар, Blind Football «Қайрат» әлеуметтік жобасымен танысты.

Паралимпиадалық қозғалыстың әлемдік деңгейде дамуына жауап беретін ұйым басшысының «Қайрат» футбол клубы инфрақұрылымымен таныстығы Тимур Сегізбаев ат. Резерв Академиясымен басталды.

«Қайраттың» жас ойыншылары Эндрю Парсонсты қарсы алып, онымен түрлі тақырыптарда сөйлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, кейін естелікке суретке түсті. Айта кетерлігі, кездесу ағылшын тілінде өтті, жас қайраттықтар білім курсы аясында халықаралық тілді жетік меңгерген.

- Эндрю Парсонс оқу-жаттығу процесінің жағдайымен, әдістемелік және медициналық көмек деңгейімен, сондай-ақ, «Қайрат» тәрбиеленушілерінің тұрмыс-тіршілігімен жақын танысты, - дейді «Қайрат» ФК резерв Академиясы оқу-тәрбиелеу бөлімінің жетекшісі Нуриддин Ваджитов. – Парсонс мырза өзінің көргендері бойынша академия бапкерлік корпусы мен «Қайрат» футбол клубының басшылығымен жан-жақты әрі жемісті пікір алмасты. Кездесу барысында құрметті қонақтан өз қызметіміз бойынша жоғары баға алғанымыз үшін қуаныштымыз. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»