«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Елдос Ахметов «Luxor Cup» мини-турнирінің қонағы болды
Қайрат

Елдос Ахметов «Luxor Cup» мини-турнирінің қонағы болды

10 августа 2018
/ 00:00

«Wellness Club Luxor» спорттық-сауықтыру кешенінің алаңында мини-футболдан ерекше жолдастық матч өтті. Оған «Мисс Алматы 2018» сұлулық конкурсының финалистері мен қазақстандық Медиа Альянс құрамасы (журналистер) қатысты.

Матч Қазақстан Республикасының спорт күніне, сонымен қатар, әйелдер футболын дамытуға арналды. Сайыстың басты қонағы алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Елдос Ахметов болды.

Қыздар 15 минуттан екі тайм ойнады, қазақстандық Медиа Альянс құрамасы сұлулық конкурсының финалистері қақпасына жауапсыз бес гол соқты.

Турнир жеңімпаздары кубок иеленсе, қатысушылар ұйымдастырушылардан естелікке сыйлықтар алды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»