Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Елдос Ахметов – Қазақстан кубогының финалы жайында.
- Ұзақ уақыт жарақатыңызға байланысты ойыннан тыс қалдыңыз. Финал ойынына дайындық қалай жүріп жатыр?
- Иә, жарақатыма байланысты ұзақ уақыт қатардан шығып қалдым. Денсаулығымды қалыпқа келтіріп, футбол ойнай бастадым. Қазір өзімді жақсы сезінемін.
- Ұлттық құрамаға шақыртуды күтіп жүрсіз бе?
- Ұлттық құраманың намысын қорғау – үлкен абырой. Ұлттық құраманың ойындарының деңгейі жоғары. Толық дайын болғаннан кейін құрамаға қайта оралуды көздеймін.
- Андрей Карповичпен жұмыс істеу қалай екен?
- Андрей Владимирович – кәсіби маман. Оның қандай футболшы болғанын барлығы жақсы біледі. Ойын тәжірибесі бай. Оның жетекшілігімен бірге жақсы жұмыс істеп жатырмыз.
- «Атырау» туралы не айта аласыз?
- «Атырау» - жақсы қарсылас. Қазір оларды білікті бапкер Виктор Кумыков жаттықтырады. Алайда, біз өз ойынымызға баса назар аударамыз.
- Финалға қалай дайындалу қажет? Шешуші ойынның маңыздылығын ұмытып, қарапайым ойын деп қарауға бола ма?
- Кәсіпқой футболшы әр ойынға жақсы дайындықпен келуі тиіс. Финалдың ерекше екені анық. Біздің құрам жастағына қарамастан бас жүлдеге талас алатынын кубок ойындарында көрсетті. Ауыр жолды еңсердік. Енді ел кубогында жеңіске жетуді қалаймыз.
Дереккөз: ҚКФЛ