«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Екі қайраттық – турдың символикалық құрамында
Қайрат

Екі қайраттық – турдың символикалық құрамында

04 июня 2019
/ 00:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткен турдың үздік он бір ойыншылар тізімін жариялады . 13-тур құрамына Дино Миканович пен Адеринсола Эсеола енді.

Ең үздік тур қорғаушысы атағы Дино Микановичке бұйырды.

«Миканович жақсы ойын өрнегін көрсетіп, өзінің позициясында үздік ойыншы атанды. «Қайрат» қорғаушысы «Ақтөбеге» қарсы кездесуде 89 % көрсеткішпен дәл пас жасады, 68% жекпе-жекте жеңіске жетті, 4 рет допқа таласта жеңіске жетіп, 6 рет допқа қарсыластан бірінші болып жеткен және бір нәтижелі пас берді».

Турдың үздік шабуылшысы атағын Адеринсола Эсеола иеленді.

«Бесінші рет турдың символикалық құрамына енген Эсеола ақтөбеліктерге қарсы ойында барлық фазада өнер көрсетті. Украиналық форвард үш матч бойына дубль жасады»

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»