Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың 24-турын қорытындылап, символикалық құрамды жариялады. Instat компаниясының сараптамасы негізінде он бір ойыншыдан құрылған командаға «Қайраттың» екі футболшысы енді: Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавин.
Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, «Қайрат»; Андрей Аршавин, «Қайрат»
«Атыраумен» матчта Исламхан алаң ортасында өзін қожайындай сезінді, қайраттықтардың ойынын сенімді жүргізіп, қарсылас қақпасына шабуылдар ұйымдастырды. Ол 6 соққы жасаған, оның тең жартысы нысанаға дәл барды, үш шешуші пас берді, 6 мәрте дриблинг қолданған және оған қарсы төрт рет ойын тәртібі бұзылды. Оған қоса, пастарының 84%-ы діттеген жерге барды. Әрекеттер индексі – 283.
Турдың үздік ойыншылары туралы әңгіме қозғалғанда, Аршавинді қоспауға болмайды. Оның шеберлігі мен деңгейі «Атырауға» қарсы сәтсіз өтіп жатқан матч тағдырын шешіп кетті. Таңғаларлық – отыз минуттың ішінде ресейлік ойыншы қарсылас қақпасына гол соғып, екі рет нәтижелі пас берді. Оның индексі 191 ұпайға жетті.