«Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Азиялық паралимпиада комитетінің Құрмет орденімен марапатталды!
Беделді жүлдені табыстау рәсімі Біріккен Араб Әмірлігіндегі Дубай қаласында өтті, мұнда Азиялық паралимпиада комитетінің (АПК) Басты ассамблеясы ұйымдастырылған.
АПК ресми мәлімдесі бойынша, осындай үлкен награда Қайрат Боранбаевтың паралимпиадалық қозғалыстың позициясын күшейтуге және дамытуға қосқан үлесін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің (ҚР ҰОК) әріптес ұйымдармен жемісті жұмысын халықаралық деңгейде мойындауы болып саналады.
ҚР ҰОК-тің тұрақты әріптестерінің қатарына «Қайрат» кәсіпқой футбол клубы да кіреді. Халық командасының құрылымында Халықаралық Соқырлар Спорты Федерациясымен (IBSA) бірге FC Kairat Blind Football Team жобасы іске асырылып жатыр, ол көздері нашар көретін және соқыр спортшыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Blind Football сайыстар Жазғы Паралимпиада ойындарының ресми бағдарламасына енеді. «Қайрат» кәсіпқой футбол клубы халықаралық әлеуметтік жобаны Қазақстанда алғаш болып бейімдеді.