«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Джон ван ден Бром: «Бүгінгі нәтижеге көңіліміз толған жоқ»
Қайрат

Джон ван ден Бром: «Бүгінгі нәтижеге көңіліміз толған жоқ»

27 июля 2018
/ 00:00

АЗ командасының бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч нәтижесі жайында пікірін білдірді.

- Матчқа дейін командаңыздың мүмкіндігін 50 де 50 деп едіңіз. Қазір командаңыздың мүмкіндігі қанша?

- Ең алдымен «Қайратты» жеңісімен құттықтағым келеді! Әрине, бүгінгі нәтиже көңілімізден шықпайды. Бірінші таймда жақсы-ақ ойнап едік, бірақ артынша «Қайраттың» шабуылшысы әдемі өтіп, бізге гол соқты. Әрине, бұл шешуші нәтиже емес. Өз ойынымызда бақылауды жоғалтып алдық. Ойынның бірінші жартысында біз допқа иелік еттік, мүмкіндіктер болды, бірақ екінші таймда доптарды оңай жоғалттық, қарсыласқа қарымта шабуылға шығуға мүмкіндік беріп қойдық, олар біз үшін қауіпті болды. Бұл 2:0 ғана, кеше мүмкіндік 50:50 деп едім, бұл нәтижеге қарамастан әлі де солай ойлаймын. Менің командам бүгінге қарағанда жақсырақ ойнайтынын білемін.

- Бүгінгі матчтағы атмосфера қалай?

- Атмосфера ғажайып болды! Жанкүйерлер өз командасын осылай қолдаған кезде оларды тек мақтау ғана қалады.

- Сіздің қалада серуендеп жүргеніңізді көріп едім. Қала туралы не ойлайсыз?

- Өкінішке қарай, қалаларыңызды бағалап үлгерген жоқпыз. Матч күні қалада 15 минут серуендеп шығамыз, ал қалған уақытта қонақүйде боламын. Дәл қазір бұл қала туралы ештеңе білмеймін, себебі стадион мен қонақүйді ғана көрдім.

- Матч алдындағы баспасөз-мәслихатында сіз біздің командамыздың бірнеше ойыншысын атап өткен едіңіз, бірақ бүгінгі дубль авторын атаған жоқсыз. «Қайраттан» кім көбірек ұнады?

- Мен бұл шабуылды туралы ештеңе айтқан жоқпын, бірақ оның соңғы екі ойынын көрдік. Оның сапасын білеміз: ол өте жылдам, қақпашымен бірге бір шыққан кезде көбіне гол соғады. «Қайрат» өте сапалы ойын көрсетеді, бүгінгі ойын соны көрсетті. Келесі аптада жақсырақ ойнауымыз керек. Мен ойыншылар туралы ешқашан айтпаймын, тек команда ғана.

- Жақында ғана командаларыңыздан кеткен ойыншылардың болмауы бүгінгі нәтижеге әсер етті ме? Сіздерде мүмкіндіктер болды, бірақ аяқтар сәтте сәтсіз ойнадыңыздар.

- Кеше айтқанымдай, біз өте жақсы ойыншыларды жоғалттық, бірақ бізде футболшылар тобы бар. Сонымен қатар, жаңа ойыншылар келді, бірақ олар келесі аптада ойнамайды. Бұл футбол және ол мен үшін проблема емес.

- Мынадай бір сәт болды: «Қайраттың» ойыншысы алаңда жатқанда, сіздер допты шығарып жібердіңіздер, бірақ фейр-плэй қағидасы қолданылған жоқ. Бұған қандай пікір айта аласыз?

- Меніңше, фейр-плэй қолданылды. Ойыншы алаң жиегіне дейін барып, ойынды жалғастыра алатынын айтты. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»