«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Джон ван ден Бром: «Қарсыласымызға құрметпен қараймыз»
Қайрат

Джон ван ден Бром: «Қарсыласымызға құрметпен қараймыз»

25 июля 2018
/ 00:00

АЗ командасының бас бапкері Джон ван ден Бром матч алдындағы баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Мұнда келгеніме қуанышты екенімді айтқым келеді. Бұған дейін АЗ Қазақстанға екі рет келген, бірақ мен мұнда алғаш рет келіп отырмын. Алматыда болғаныма қуаныштымын, себебі ертең біз үшін Еуропа лигасының іріктеуі басталады. Бұл ойынға тыңғылықты дайындалдық, бізді азулы қарсылас күтіп тұр. Себебі «Қайрат» өз чемпионатында жетекшілердің бірі, біз қарсыласымызға құрметпен қараймыз. Ертең жақсы ойын көрсетуге дайынбыз.

- Алматы таулы аймақта орналасқаны қиындық тудырмай ма?

- Жоқ, бұл біз үшін мәселе болады деп ойламаймын.

- Бәрі АЗ-ды фаворит санайды, бұл сіздерге қысым болмй ма?

- Жоқ, бұл туралы айту қиын. Біз «Қайрат» командасымен жақсы таныспыз, біздің маманымыз «Энгордани» және «Ордабасыға» қарсы матчтарда болды, әр ойыншы туралы жақсы хабардармыз. Жаңа айтқанымдай, «Қайрат» өте жақсы команда, жекелей тұрғыда футболшылары мықты, олар үшін гол соғу проблема емес. Мүмкіндік қашан да 50 де 50 деп айтамын.

- «Қайратпен» текетіресте жеңілу сіз үшін үлкен сәтсіздік бола ма?

- Ох, әр жеңіліс біз үшін трагедия саналады (жымиып). Бірақ алда екі ойын бар, әрине, ертең жақсы нәтижеге қол жеткізгіміз келеді. Бірақ бәрі Алкмарда шешіледі деп ойлаймын.

- Бұл сіздердің алғашқы ресми матчтарыңыз, команданың жағдайы қалай?

- Иә, бұл жақсы сұрақ. Бұл біздің алғашқы ресми ойынымыз болмақ, жаттығу жұмыстарымыз аз уақыт бұрын басталған болатын. Кеше «Астанамен» ойнаған «Мидтьюлланд», «Панатинаикос» секілді және түрлі бельгиялық командалармен жолдастық матч өткіздік. Жалпы, жаттығу жұмыстары біз үшін жақсы өтті, ертеңгі матчқа дайынбыз.

- «Қайраттың» құрамында Андрей Аршавин бар: 2008 жылғы ЕУРО-дағы ширек финал үшін есені қайтару керек санайсыз ба?

- Аршавин – тамаша ойыншы, тарихы ғажайып, үлкен клубтарда ойнаған әлемдік деңгейдегі футболшы саналады. Бірақ біз онымен ғана емес, басқа да ойыншылармен таныспыз. Сіздерді мықты команда жиналған. Иә, Аршавин доппен болса, бізге мәселе туындатуы мүмкін, оған дайындалдық. Бірақ біз жалғыз Аршавинге қарсы емес, «Қайрат» командасына қарсы ойнаймыз.

- Аршавиннен бөлек кімді атап өте аласыз?

- Бізге Исаэль ұнады, команданы Бауыржан Исламхан ұнады – ол өте тамаша ойыншы. Ол «Қайраттың» қаһарманы, оны жанкүйерлер жақсы көреді.

- «Қайраттың» Георгий Жуков деген ойыншысын білесіз бе, ол бұрын «Рода» сапында ойнады?

- Иә, әрине. Ол туралы білеміз.

- Алкмар жанкүйерлері Алматыға келді ме?

- Біз Алкмардан 35 жанкүйер шақырдық, олар ертең бізге қолдау көрсетеді, бұл олар үшін ұзақ сапар болды.

- Клуб трансфері бойынша жағдай қалай болып тұр? Себебі көптеген ойыншылар командадан кетіп қалды.

- Иә, біз орталық шабуылшымыздан айырылып қалдық, ол «Вольсфбургке» ауысты, сондай-ақ, оң қапталдағы вингеріміз ағылшын Премьер-лигасына көшті. Олар біз үшін маңызды ойыншылар болатын. Енді клуб осы позицияларға ойыншы іздестіріп жатыр, басқа да жаңа ойыншылар бар. Бірақ олар алдағы матчқа дайын емес. Тағы да айтайын, біз бірнеше маңызды ойыншымызды жоғалттық, бірақ бізде басқа да сапалы футболшылар бар.

- Ротариу ертең ойнай ма?

- Жоқ, ол ертең де, келесі матчта да ойнамайды. Біз жаңа ойыншылармен келісімшартқа өте кеш отырдық. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»