«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Қозғалыс – бұл ем!
Клуб жаңалықтары

Қозғалыс – бұл ем!

25 января 2024
/ 13:00

Өткен аптада «Қайрат» ФК негізгі командасының реабилитолог-дәрігері Бекжан Пирмаханов Зальцбург қаласындағы Open Medical Institute пен Вена медициналық университеті ұйымдастырған Salzburg Weill Cornell Seminar деп аталатын семинарға қатысты.

Конференцияда оңалту саласындағы соңғы жетістіктер талқыланды. Бекжан Пирмаханов «Қайрат» ойыншыларының бірінің кейсін мысал қылып көрсетті.

Халықаралық семинарға барлығы 21 елден 31 шәкіртақы алушы қатысты. Ал спикерлер АҚШ пен Аустриядан келген профессорлар болды.

Конференциядан басқа, Бекжан Анатольевич Зальцбургтегі Red Bull Академиясына барып көрді. Онда оған бүкіл аумақты, атап айтқанда медициналық бөлімді көрсетіп, егжей-тегжейлі экскурсия өткізді.

Бүгін Бекжан алған білімін негізгі команданың, «Қайрат-Жастардың», сондай-ақ Академияның медициналық және бапкерлер штабымен бөлісті. Кездесу нәтижелі әрі мазмұнды өтті.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»