Алматылық «Қайраттың» сербиялық қорғаушысы Раде Дугалич Т. С. Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК резерві Академиясының тәрбиеленушілерімен кездесуден соң өз әсерімен бөлісті.
- Менен он жыл бұрын қандай арманым болғанын сұраған кезде, бірден былай ойладым: егер жасөспірім кезімде «Қайратта» жасалған жағдайда жаттығу жасағанымда, өте бақытты болар едім, - дейді Раде Дугалич. – Мұнда ең үлкен табыстарға қол жеткізуге болады. Жасөспірім кезімде кейде жағдайы нашар секцияларда дайындалуыма тура келетін. Табандылық, ерік-жігер көмектесті. Сербтерге өз тәуелсіздігін алу үшін көптеген шайқастарға қатысуға тура келді. Бастан өткен ауыртпалықтар өмірдегі қиындықтарға төтеп беруге үйретті. Біздің жауынгерлерімізді Еуропаның алып батырлары деп бекер атамаған. Ұлы футболшы болу сиқырдың арқасында келе салмайтынын түсіну қажет. Ғажайып оқу-жаттығу базасының болуы – шебер ойыншы болып өсудің алғашқы кепілі ғана. Бұл сапарда көптеген сынақтардан өту қажет. Жаттығуларға қара терің шыққанша еңбектену, өз-өзіңді тәртіпті ұстау, зейін бөлу, еліктіргіш дүниелерге шыдамды болу – осының бәріне спортшы бала кезінен үйренуі тиіс. Солай ғана атқарған еңбегіңнің жемісін көре аласың. Осы сәтте «Қайраттың» енді өсіп келе жатқан буынына батылдық, жалын, жалын, бірлік және ержүректілік тілегім келеді!