«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Днепр-1» СК: қарсыласты таныстыру
Қайрат

«Днепр-1» СК: қарсыласты таныстыру

15 февраля 2020
/ 12:00

«Қайраттың» баспасөз қызметі Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары кезінде кездесетін қарсыластар туралы материалдар топтамасын жалғастыруда.

«Қайраттың» Түркиядағы қорытынды оқу-жаттығу жиынындағы екінші қарсыласы «Днепр-1» СК болмақ. Украинаның Днепр қаласының клубы қазіргі таңда Украина чемпионатында сегізінші орында.

«Днепр-1» спорт клубы 2017 жылы құрылған. Құрылған жылы клуб Украинаның екінші лигасында  ойнады. Онда екінші орынға ие болып, бірінші лигада өнер көрсетуге мүмкіндік иеленді. 2018/19 Маусымда «Днепр-1» СК елдің бірінші лигасында жеңіске жетіп, украинаның мықты дивизионында ойнауға жолдама алды.

«Днепр-1» СК 46 жасар Дмитрий Михайленко жаттықтырады. Ол «Днепр», киевтік «Динамо», Тель-Авивтік «Хапоэль», иерусалимдік «Бейтар», запорождік «Металлург» командаларында өнер көрсетті. Ол «Динамо» құрамында өнер көрсеткен кезінде, ең көп танымалдылыққа ие болды. «Ақ-көгілдір» үшін ол 147 матч өткізіп, 17 гол соқты. Сондай-ақ Михайленко Украина құрамасы үшін 23 ойын өткізді.

Transfermarkt порталының мәліметтері бойынша, «Днепр-1» СК құрамы 12 миллион евроға бағаланады. Днепрліктердің ең қымбат ойыншысы – жас форвард Владислав Супряг, ол «Динамоға» тиесілі, бірақ жалға алу құқығында өзінің бұрынғы клубының құрамында өнер көрсетеді. Transfermarkt Украина U-20 жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алуға көмектескен ойыншыны үш миллион еуроға бағалайды.

Бұған дейін украин клубы Қазақстандық командалармен екі рет кездесті. Бір жыл бұрын «Днепр-1» СК 3:2 есебімен Оралдық «Ақжайық» командасын жеңді. Бір апта бұрын Дмитрий Михайленко командасы «Жетісумен» 1:1 тең есеппен тарқасты .

«Қайраттың» «Днепр-1» СК-на  қарсы жолдастық кездесуі Алматы уақытымен сағат 20:00-ге жоспарланған. Ойынның тікелей трансляциясы клубтың ресми YouTube арнасында қолжетімді болады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»