24 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Дмитрий Сергеев келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Қайраттан» кетеді.
Сергеев клубқа 2023 жылдың басында қосылды. Осы уақыт ішінде «сары-қаралар» сапында ол 53 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. «Қайратпен» бірге Дмитрий 2024 жылы Премьер-лига чемпионы атанды.
Дмитрийге командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, оның алдағы мансабында табыс тілейміз.