«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Диого Лейте: ««Қайратта» барлығы маған сенім артатынына қуаныштымын»
Қайрат

Диого Лейте: ««Қайратта» барлығы маған сенім артатынына қуаныштымын»

27 марта 2020
/ 11:00

«Қайраттың» Физиотерапевті Диого Лейте біздің сайтқа берген сұхбатында ойыншы мен бапкер арасындағы сенім туралы, Бауыржан Исламхан мен Небойши Косовичтің қалпына келуі туралы айтып берді, сондай-ақ, аты аңызға айналған Рональдиньомен жұмыс істегені туралы әңгімеледі.

- Диого, клубқа қалай келгенің жайлы айтып берші?

- Клубқа мен 2017 жылы, менің отандасым және үлкен кәсіпқой Филипе Коимбре Мейренің арқасында келдім. Біз онымен «Қайратқа»дейін бірге жұмыс істедік. Өткен жылы Фелипе отанына оралуға шешім қабылдады, ал мен клубта жұмысымды жалғастырдым. Бұл менің «Қайраттағы»төртінші маусымым. Мен Рио-де-Жанейрода ең жақсы университеттердің бірінде білім алдым. Содан кейін «Ботафогода» және «Фламенгода» тәжірибе жинақтадым.

- Сен футболшы болдың, бірақ мансабыңдыайтарлықтай ерте аяқтадың. Бұған не әсер етті?

– Мен жартылай қорғаушы ретінде ойнадым, бірақ қорғауда да ойнай алдым. Иә, мен алаңға шығуды өте тез аяқтадым. ОАР-да жүргенімде, мен қатты жарақат алдым, сол жарақат мансабымды жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Оның үстіне, менің анамда рак ауруы анықталды. Сондықтан, мен анамның қасында болуға, осы қиындықтан өтуге көмектесу үшін үйге оралдым. Бүкіл отбасы өзін анамызға арнады.Біздің қолдауымыздың арқасындаол тағы алты жыл өмір сүрді.

– Сен өзің жарақат алғандықтан, футболшылардың қалпына келуіне көмектесуге шешім қабылдадың ба?

– Солай айтуға да болады. Мен жалпы адамдарға көмектесуді ұнатамын. Менің әдісім мынадай: негізгі басымдылықты мен қозғалысқа беремін. Аппараттар маңызды, бірақ ең бастысы–қозғалысжәне мануалды терапия. «Қайраттың»ойыншыларына сияқты басқаларға мұндай бұйыра бермейді. Менің айтайын дегенім, барлық клубтарда қалпына келтіру үшін мұндай керемет жабдықтар бола бермейді. Сондықтан қозғалыс және мануалды терапия–барлығыүшін әмбебап болып табылады.

– «Интер» ойыншысы болған ұлы Роналдоның оқиғасы есіңде болар,жарақаттан соң алаңға орала салысымен қайтадан жарақаты ушықты, оған не болғанын түсіндіріп бере аласың ба?

– Ол кезде басқа уақыт, басқа стандарттар, басқа мамандар болған. Одан бері физиотерапия алға қадам басты: басқа техника, басқа білім, басқа әдістер. Мен Роналдомен нақ не болғанын дәл айта алмаймын, бірақ, бәлкім, біздің уақытымызда болса, бұдан құтылуға болатын еді. Дәлірек айтқанда, қайта жарақат қаупін азайту. Сол кездері мен ол үшін алаңдадым.

 - Саған белгілі футболшылардың ішінде кіммен жұмыс істеуге тура келді?

- Роналдиньомен, Кларенс Зеедорфпен. Бұл тамаша тәжірибе. Олар-кәсіпқойлар,керемет адамдар, әрқашан позитивте. Соның арқасында олар ұзақ және табысты ойнады деп ойлаймын. Әрине, оларды құдай талантымен марапаттады. Бірақ, еш жұмыссыз бір талантпен жоғары деңгейді сақтау қиын.

– Өткен жылы сен Бауыржан Исламханның операциясыз қалпына келуіне көмектестің. Осы туралы айтып берсең...

- Бато да толық сеніммен жаттыққан болатын. Ол алаңға тездетіп қайта оралғысы келді. Ол жұмыс істеді, жұмыс істеді. Мен оның буынының қалпына келгеніне қуаныштымын. Оның өткен маусымда алған қалпы есіңізде ме? Ол жылдамдатуды қалай тамаша орындады, алаң ортасында қалай өнер көрсетті? 2019-Чемпионатының ең үздік жартылай қорғаушысы марапатын бекер алған жоқ. Сол жұмысы оның «Аль-Айн» клубында да өзін көрсетуге көмектескеніне сенемін.

 - Қазір сен Нұрлан Дайыровпен жұмыс істеп жатсың, операциядан кейін қалпына келтіруге көмектесесің. Оның жетістіктері қалай?

- Біз буындардың қимылдарымен көп жұмыс жасаймыз. Әрине, бұлшықеттерді нығайтамыз, буындық қозғалысты арттырамыз, резеңке жгуттармен де жаттығулар көп. Ол көп жұмыс істейді және барлық талаптарды орындайды. Ол көңілді жігіт, ол маған «өлердей қинап жатсың» деп жиі әзілдейді, бірақ жүктемені көтеруді жалғастыруда. Позитивті көңіл-күй қалпына келтіруде өте маңызды. Сондай–ақ, тағы бір фактор–жаттықтырушымен футболшы арасындағы сенім. Егер ойыншы маған сенсе, онда біздің жаттығулар жақсы нәтиже береді. Мен оны бағыттаймын, ол жаттығуларды орындайды. Олардың тиімділігіне сенген кезде, ол жаттығуға барын салады. «Қайратта» барлық ойыншылардың маған сенім артатынына қуаныштымын. Мен оларға көмектесуге қуаныштымын, олар маған сенеді – бұл керемет! Қазір мен Нұрланның, Дінмұхамед Жомарттың, Дино Микановичтің қалпына келтіру үдерістеріне жетекшілік етемін.

- Сен Небойша Косовичтің қалпына келуіне тікелей қатыстың. Сапалыжұмысың үшін рахмет!

- Рахмет! Біз оны хирургтарсыз қалпына келтіргіміз келді, Небомен отаға дейін жұмыс істей бастадық. Өкінішке орай, бұл опция жұмыс істемеді, себебі бұл тізедегі алғашқы жарақат емес еді. Біріншісі бұрын «Қайрат» командасына ауысқанға дейін болған. Нәтижесінде Косовичке желтоқсан айының соңында сәтті операция жасалды. Сіз қалпына келтіргеннен кейін Небоның өзін қалай көрсеткенін көрдіңіз. Ол өте жақсы ойыншы және жақсы адам, ол бізге жұмысымыз үшін алғыс айтты. Небо –ісінің шебері, ол жақсы жұмыс істеді, сондықтан да командамен жаттығуларға тез орала алды. Мен оны мақтан тұтамын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»