«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Дино Миканович: «Ең басты мақсатым – команданың жеңіс жетуіне көмектесу»
Қайрат

Дино Миканович: «Ең басты мақсатым – команданың жеңіс жетуіне көмектесу»

21 мая 2019
/ 00:00

Ақпан айында команда қатарына қосылған Дино Миканович тез арада негізгі құрам ойыншысы атанды. Ағымдағы чемпионатта оң қаптал қорғаушысы еңбекқорлығымен, ойындағы жылдамдығының арқасында «Қайраттың» 12 кездесуіне қатысып, гол соқты және екі нәтиежелі пас берді. Біздің порталымызға берген сұқбатында Дино өзінің отбасы туралы, футболға қалай келгені және Алматының әдемілігін айтып өтті.

– Дино, Алматы сенің қалаң десе бола ма?

– Маған Алматы өте ұнайды. Өте үлкен әдемі қала. Көптеген жанға жайлы орындар, кафелер, мейрамханалар бар. Халқы да мейірімді, қонақжай. Жарыңмен бірге қыдаратын жерлер өте көп, кинотеатрлар да баршылық.Ал, тауларына сөзім жетпейді. Медеу, Шымбұлақ - таңғажайып жерлер. Ең бастысы, мұнда жылы, күн шуағын шашқан жер. Орхустегідей емес.

– Орхустың ауа-райы  ұнамады ма?

– Орхус - Балтық теңізініің жағасындағы өте кішкентай қала. Ол жерде суық, жел тұрып, жаңбыр көп жауады. Күн айлап шықпайтын кез де болады. Үнемі аспанды бұлт торлағасын ба қараңғы. Алматыда – басқаша жағдай. Көзіңді аштың – күнді көресің. Дайындыққа құлшыныспен келесің. Маған бұл жердің климаты ұнайды.

– Алаңда әріптестеріңмен тез тіл табысып кеттің. Олармен сырт алаңда қалайсың?

– Біз ағылшынша немесе сербше сөйлесеміз. Орыс тілі – мен үшін өте қиын тіл, алайда үйренуге тырысып жатырмын. Мартон Эппель де тіл үйренуде. Мартонды оқытатын оқытушылармен жұмыс жасау ойымда бар. Тіл білу – командадағы әріптестірімді түсінуге жақсы мүмкіндік береді. Қазір жаттығу алаңында айтылатын бірнеше сөздерді білемін, алайда орыс тілін бұдан да жақсы үйренгім келеді.

– Отбасың немен айналысады?

– Ауыл шаруашылығымен. Словония аймағында (Хорватияның батысындағы тарихи аумақ) осы шаруашылық түрі жақсы дамыған. Екі жүзден аса сиыры бар үлкен фермамыз бар. Олардың берген сүтін Германияға жөнелтеміз. Әкем өмір бойы ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Сонымен қатар, қой асыраймыз, көкөніс, жүгері өсіреміз. Бұл атадан балаға беріліп отыратын бизнес десе де болады. Он төрт жасыма дейін өзіміздің фермамызда жұмыс істедім.

– Фермада не істедің?

– Трактор айдадым, малға берілетін жем-шөбін дайындадым. Қойлардың қашасын құруға көмектестім. Яғни, қой-қозыларды өсіруге көп көңіл бөлдім. Қазір бес жүз шақты бас болу керек.

– Хорватиялық ойыншылардың ішінен кімде тағы ферма бар?

– Домагой Виданың фермасы Хорватияның және Еуропаның тағы басқа қалаларының мейрамхана-қонақ үйлеріне ет тасымалдаумен айналысады. Оның отбасының осындай үлкен бизнесі бар.

Футболшы болуға не себеп болды?

– Көрші тұрған бала футболмен айналысты. Ол бәрімізді ойынға, матч көруге шақырып жүрді. Футбол ойнап бастауыма сол бала себепкер атанды десе болады. Оған рақмет, осы ойынның қыр-сырын үйретті. Ағам да футбол ойнады, алайда кәсіпқой ойыншы атана алмады.

–Сүйікті ойыншың кім?

– Серхио Рамос. Ол – оң қапталдың үздік қорғаушысы. Керемет ойыншы,  «Реалдың» аңызы.

– «Қайраттағы» негізгі мақсатың не?

– Деңгейімді көтеру. Сонымен қатар, клубқа көптеген дүлделерді иеленуге көмектесу. Көптен кұткен чемпиондықты жеңіп алу. Ең басты – командаға жеңіс әкелуге көмектесу. Кез келген позицияда ойнауға әзірмін. Кім ойнағаны, гол соққаны маңызды емес. Ең бастысы – жеңіс.

–Құрамамен қарым-қатынасың қалай?

– Жастар құрамасында ойнағанмын. Ұлттық командамыз мені өз сапында ойнауға шақырды, алайда ол кезде «Орхус» жібермеді. Клубқа керек болдым. Болашақта құрамаға шақырту аламын деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы ең басты мақсатым – «Қайрат» сапында сәтті ойын көрсетіп, команданың жеңуіне көмек беру.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»