«Қайраттың» қорғаушысы Дино Миканович «Оқжетпеске» қарсы матч туралы айтып, қарсыластың керемет сәттілігін атап өтті.
- Неге бірінші минуттан бастап өздеріңнің үздік қасиеттеріңді көрсете алмадыңдар?
- Бұл «Таразға» қарсы матчтың бірінші таймында болған жағдай сияқты болды. Біз өте баяу бастадық. Қарсыласымыздың жолы болды: бірінші рет біздің айып алаңға соғылған соққы голға әкеп соқты. Керемет сәттілік! Матчты 0:1 есебімен жабық командаға қарсы бастау қиын. Допты жіберіп алғаннан кейін біз жақсы ойнай бастадық. Біз бүгін шын мәнінде голға ойнадық, бірақ бір нәрсе дұрыс жүрмеді.
- Доп қырсық қарсыластың қақпасына кіргісі келмеді...
Иә, бізде көп сәттер болды. Бірақ біз бәрібір гол соққан жоқпыз. Өткен ойында біз екі мүмкіндікті іске асырдық. Бүгін олар әлдеқайда көп болды, бірақ біз есепті өзгерте алмадық. "Тараздың" бір апта бұрын жолы болмады, ал бұл матчта сәттілік бізден бас тартты. Алда тоғыз ойын. Барлығын да жеңу қажет.
- Сен көп жұмыс істеп, голдық пастың авторы болуға жақын болдың. Адеринсола Эсеола сенің басқа көтерген добыңнан кейін гол соға жаздады.
- Эсеола өткен матчта өзі гол соғып, голдық пас берді. Бүгін оның күні емес еді. Оның бірнеше рет гол соғатын мүмкіндігі болды. Оның ішінде, менің кроссымнан кейін де. Бірақ оның жолы болмады. Бұл футбол. Мұндай жайттар болып тұрады. Ол келесі матчта гол соғып, біз жеңеміз деп үміттенемін.