«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Дино Миканович: «Алаңға шыққан барлық ойыншы «Қайраттың» намысы үшін жанын беруі қажет»
Қайрат

Дино Миканович: «Алаңға шыққан барлық ойыншы «Қайраттың» намысы үшін жанын беруі қажет»

02 мая 2019
/ 00:00

- Дино, бірінші таймға сипаттама беріп өтсең...

- Бірінші таймның 35-40 минутында шынымен жақсы ойнадық. Көп гол салатын сәттер болды. Ірі есеппен ұтуға болар еді. Қарсыластарымыз ешқандай шабуыл жасамады. Біз екі бас жоғары болдық. Ал әрі қарай не болғанын ешкім түсінбеді. Неге екені белгісіз босансып қалдық. Қарсыластарымызға қысым көрсетуді тоқтаттық. Ең өкініштісі – стандартты жағдайда гол өткізіп алғанымыз. Біз бастаған ойынымызды аяғына дейін жеткізе алмадық.

- Екінші таймда не болып қалды?  

- Біз тоқтап қалдық. Қарсыласқа қысым көрсетпесең, ол саған қысым көрсетеді. Алаңда жәй қимылдадық, шабуыл жасай алмадық. Біз үшін бұл ойын жақсы тәжіребие болды. 0:1есебім кезінде қалай жұмыс жасау керек екенін ұқтық. «Астанаға» қарсы 90 минут қалай ойнаймыз, бүгін солай етсек,  «Қайсарды» ұтатын едік. Екінші таймда қарсыластарға қарсы үш қауіпті сәт тудырдық, соны ұйымдастыра алсақ, қазір жеңісті тойлауға болар еді.

- Алаңдағы газон сапасына таңғалған шығарсың?

- Иә, бұл алаң – мен ойнаған алаңдардың ішіндегі ең жаманы. Талдықорғанда да осы секілді жасанды газон. Алайда, қандай газонда болсын, бәрі де бірдей жағдайда екенін ескеру керек. Біз әр түрлі алаңға тез үйрене ала білуміз қажет.

- Команда 12 күн ішінде 4 кездесу өткізді. Шаршау бар ма?

- Иә. Көбісі білдіртпегенімен, бірақ шаршау сезіледі. Алайда, бұл сылтау болмау керек. Біз – кәсіпқой ойыншлармыз, барлық жағдайға дайын болуымыз керек. Барлық ойынға шыққан ойыншылар «Қайраттың» намысы үшін тырысуы қажет, жанын беруі қажет. Әрі қарай дайындығымызды ұштай бермекпіз. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»