«Қайрат» жастар командасының қақпашысы Дінмұхамед Жомарт «Алтайға» қарсы матч нәтижесі туралы ойын айтты.
- Ойында жылдамдық жетіспеді деп ойлаймын. «Алтай» қорғаныста ойнады, осылайша, қарсылас қақпасына мүмкіндік жасау қиын болды.
- Команда қазір өзін қалай сезінеді? Соңғы нәтижелер команданың атмосферасы мен жігеріне әсер ете ме?
- Нәтиже мен турнир кестесіндегі орнымызға көңіліміз толмайды. Ұпай жоғалтуға болмайды, бұл командадағы атмосфераға әсер етеді. Бірақ бұл бізді одан сайын ашуландырып, жігер береді.
- Командаға жеңімпаз сезімінқайта әкелу үшін не істеу керек?
- Соңғы нәтижелерге қарасақ, көбірек жұмыс істеуіміз керек екенін байқаймыз. Бәрі де қолымыздан келеді, одан да көп нәрсеге лайықты екенімізді дәлелдеуге тырысамыз. «Ертісті» жеңу үшін бар күшімізді саламыз.